Орта білім

Облыста 171 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 143-і мемлекеттік (122-сі қазақ тілінде, 5-і орыс тілінде, 16-сы аралас), 5-уі кешкі мектеп, 18-і жекеменшік, 5-і арнайы мектептер.

2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының контингенті 167 650 баланы құрады, оның ішінде 162 259 оқушы мемлекеттік мектептерде, 3525 оқушы жекеменшік мектептерде оқыды. Сонымен қатар 9111 бала мектепалды даярлық сыныптарында оқыды.

2021-2022 оқу жылында облыс бойынша мектеп бітірушілер саны 7563, оның ішінде күндізгі білім беретін мектептерде 7115 оқушы. 174 оқушы «Алтын белгі», 520 оқушы үздік аттестат иегері атанды (2021 жылы «Алтын белгі» иегерлері – 206, үздік аттестат иегерлері – 714).

«Ел үміті» жобасы аясында «Қабілет», «Елбасы медалі», «Бірге оқу» бағдарламаларына, ауыл балаларына арналған «Мың бала» олимпиадасы өткізіліп, оған 11 мың оқушы қамтылды. Сондай-ақ IQanat олимпиадасына 2500 оқушы қатысты.

140 оқушы республикалық, 25 оқушы халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпазы атанды. Химия, математика және лингвистика бойынша Қазақстан құрама командасына 5 оқушы енді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада облыс құрамасы 6-орынға ие болып, облыстар арасында үздік олимпиадалық командалардың біріне айналды.

Биыл Маңғыстау облысының түлектері үшін республикалық білім грантына қосымша 6 мың білім гранты бөлінді. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 175 білім гранты бөлінді.

Ағымдағы жылдың наурыз айында өткізілген PISA халықаралық зерттеуіне облыстың 22 мектебі мен 5 колледжінің оқушылары қатысты.

Оқушылардың оқу жетістіктері мониторингімен облыстың 62 мектебі қамтылды.

Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында:

- үздік мұғалімдердің, пән мұғалімдерінің қауымдастықтары құрылып,  облыс мектептері арасында тәжірибелері таратылды;

- математика пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Математикалық прогрессия» жобасы жүзеге асырылуда. Осындай жоба физика, информатика, химия, ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімдері арасында жа өткізілді;

- аудандар мен қалалардың  мектептерінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Ш.Есенов атындағы университеттің, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің әдістемелік және практикалық қолдау көрсету алаңдары жұмыс істейді;

- «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау филиалымен бірлесіп мектептерде мұғалімдерді әдістемелік қолдау жұмыстары жүргізілуде;

- Жаңаөзен қаласының 6 мектебіне «Білім-инновация» лицейлерінің оқу-әдістемелік, кәсіптік бағдар беру тәжірибесін енгізу жұмыстары басталды («Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілігімен);

– мектептерде «Маңғыстау облысындағы ауыл және қала мектептері арасындағы алшақтықты азайту» жобасы жүзеге асырылуда.

Дата публикации
01 июля 2022