Маңғыстау облысында барлығы 40 931 баланы қамтитын 344 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 141-і мемлекеттік (24 610 бала), 203-і жекеменшік (16 321 бала).
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 82,8%-ды (39299 бала), 3 жастан 6 жасқа дейін – 100%-ды (30951 бала) құрайды.
Бүгінде 2-6 жас аралығындағы 9 мыңнан астам бала кезекте тұр.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы 15542 орындық 193 жекеменшік балабақшаға орналастырылды. 2022 жылы 1 балаға мемлекеттік тапсырыс көлемі қалада - 41 197 теңгені, ауылда - 45 348 теңгені, ал ата-ана төлемі орта есеппен 16 000 теңгені құрайды.
Мектепке дейінгі ұйымдарда 4 436 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 2 423 педагогтың (54,7%) арнаулы жоғары мектепке дейінгі білімі және 2013-інің орта арнаулы мектепке дейінгі білімі бар (45,3%).
Мектепке дейінгі ұйымдардың 593 (13,3%) педагогы жаңа жүйе бойынша аттестациядан өтті, оның ішінде 478 педагог-модератор, 79 педагог-сарапшы, 36 педагог-зерттеуші біліктілік санаттарына ие.
Балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен қамтуды арттыру мақсатында 2022 жылы 957 орындық 14 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды.