Жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін 2022-2023 оқу жылына жергілікті бюджеттен бөлінетін білім беру гранттарын
тағайындау бойынша
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті облыс тұрғындары!
Жергілікті бюджет есебінен конкурстық негізде жоғары білім алуға білім беру грантттары тағайындалады.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
1-кезең:
Тиісті құжаттарды тапсыру - ағымдағы жылғы 8-12 тамыз аралығы;
2-кезең:
Конкурс комиссиясының отырысы – ағымдағы жылғы 17-18 тамыз.
Тапсыруға міндетті құжаттар тізбесі:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
2) жалпы орта білімі туралы құжат көшірмесі (құжаттарды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа тапсыру);
3) ҰБТ сертификатының көшірмесі (құжаттарды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа көрсету);
4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама көшірмесі (құжаттарды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа тапсыру);
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) Көп балалы, аз қамтылған отбасы, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар екендігін дәлелдейтін құжаттар көшірмесі(болған жағдайда).
Грант иегерлерінің тізімі облыс әкімдігінің, білім басқармасының сайттарында 25 тамызға дейін жарияланады.
Білім беру грантын беру туралы куәлік ағымдағы жылғы 26 тамыздан кешіктірілмей беріледі.
Конкурсқа қатысу құжаттары онлайн форматында
Білім басқармасының электронды мекен-жайы арқылы қабылданады.
Онлайн құжат тапсыру мекен-жайы - bilimbaskarmasy2022@mail.ru
Жергілікті бюджет есебінен берілетін білім беру гранттары конкурсының нәтижесі Білім басқармасының сайтында хабарланады.
Байланыс телефоны: 8/7292/ 57-12-04
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Бакалавр мамандықтары бойынша:
|
Білім беру саласының коды және атауы |
Даярлау бағытының коды және атауы |
Білім беру бағдарламаларыны тобының атауы |
2022-2023 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі |
|
6В10 Денсаулық сақтау |
6В101 Денсаулық сақтау |
6В086 Жалпы медицина |
150 |
|
6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар |
6В084 — Балық шаруашылығы |
В080 — Балық шаруашылығы |
5 |
|
6B087 Агроинженерия |
B183 Агроинженерия |
5 |
|
|
6В086 Су ресурстары және суды пайдалану |
В082 Су ресурстары және суды пайдалану |
5 |
|
|
6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
6В021 Өнер |
В023 Аспапта орындаушылық |
3 |
|
В027 Театр өнері |
3 |
||
|
В021 Вокалдық өнер |
2 |
||
|
В023 Режиссура арт-менеджмент |
2 |
||
|
Барлығы |
|
|
175 |