МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ Сіздерді МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ қолдану аясын кеңейту мақсатында өтетін мына РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРҒА қатысуға ШАҚЫРАДЫ және байқаулар ЕРЕЖЕЛЕРІН назарыңызға ұсынады.
Республикалық акция қоса жалғанған Ереже жарияланғаннан бастап 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін #менқазақшасөйлеймін2022 хэштегімен өткізіледі (Ереже қоса жалғанады).
Байқауға жарнама мәтінін әзірлейтін копирайтерлер, аудармашы мамандар және жарнама мәтінін түзетуге атсалысып жүрген азаматтар қатысады.
Байқау материалдары ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолдау үшін 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Облыстық білім басқармасына ұсынылуы тиіс (Байқау ережесі қоса жалғанады).
Облыстық байқау өтетін күн: 2022 жылғы 21 қыркүйек.
Республикалық байқау өтетін күн: 2022 жылғы 14 қазан.
Республикалық байқауға қатысу үшін берілетін өтінім және байқау материалдары 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Ережеде көрсетілген пошта мекенжайына жолдануы тиіс (Ереже қоса жалғанады).
Байқаудың қатысушылары: журналистер (штаттағы және штаттан тыс), телерадио, газет, сайт ұжымдары, журналистика және филология факультеттерінің ғалымдары.
Республикалық байқауға қатысу үшін берілетін өтінім және байқау материалдары 2022 жылғы 15 тамызға дейін Ережеде көрсетілген пошта мекенжайына жолдануы тиіс (Ереже қоса жалғанады).
Байқау материалдары 2022 жылғы 8 шілдеге дейін Ережеде көрсетілген пошта мекенжайы арқылы ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолдануы тиіс (Ереже қоса жалғанады).
СҰРАҚТАР БОЙЫНША Маңғыстау облысының білім басқармасына, сондай-ақ Білім берудің оқу-әдістемелік орталығына хабарласуыңызға болады.
ТЕЛЕФОНДАРЫ: 571229, 607776.
МЕКЕНЖАЙЫ: Ақтау қаласы 3б шағынаудан 52 ғимарат (1 қабат, 102-кабинет; 3 қабат 307 кабинет).
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНДЕГІ осы байқауларға жауапты тұлғалардың байланыс нөмірлері Байқаулар ережелерінде көрсетілген.