Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
  2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
    осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Маңғыстау облысының әкімі

 

    Н. Ногаев

Дата публикации
09 сентября 2021