Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 97 «2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту турлы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы» заңдарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 97 «2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту турлы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4510 болып тіркелген) келесідей өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1 қосымшада:
«Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)» жолымен толықтырылсын, орыс тілінде мәтін өзгермейді;
«Ауыл» деген жолға:
«10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары» бағанасы, «71554» санмен толықтырылсын;
«10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар тобы» бағанасы «59606» санмен толықтырылсын.
2 қосымшада:
«Айына» деген сөз «Бір күнгі» деген сөзбен өзгертілсін,орыс тілінде мәтін өзгермейді.
- «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысы әкімі С. Трұмов