Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 95 «Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 95 «Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы»
    2021 жылғы 30 сәуірдегі № 95 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4511 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен берілетін біржолғы сыйақы төлемінің мөлшерінде:

5 тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Салпыншақтың (реверс) қарама-қарсы бетінде қалам мен ашық кітаптың бейнесі орналастырылады.»;

7 тармаққа орыс тілінде өзгеріс  енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

Төсбелгімен және жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен марапатталушыларды анықтау шарттарында:

2 тармақтың 1) және 2) тармақшаларында  орыс тілінде өзгеріс  енгізіледі,

қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

5 тармақтың 1) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«9. Оқушылар орталықтары, шығармашылық үйлері, аула клубтары, өнер мектептерінің үздік педагогтар осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы,
6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.»;

12 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын,
4) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс  енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді:

«3) облыстық және республикалық деңгейлерде таратылған іс-тәжірибесінің материалдары (соңғы 5 жылдағы әдістемелік нұсқаулық, бейнеролик);».

  1. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі

 

С. Трұмов

Дата публикации
19 июля 2021