Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы

 

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы  29 қаңтардағы № 122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.

    «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде бір балаға есептегенде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындары мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде өтеледі.

     Жан басына қаржыландырылған кезде мемлекеттік білім беру тапсырысына тапсырыс беруші балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған қызметтердің көлемін мынадай жағдайда қаржыландырады:

  • қалмай мектепке дейінгі ұйымға үнемі баратын балаларға;
  • мектепке дейінгі ұйымда үш жұмыс күні ішінде жоқ болған балаларға;
  • баланың ауруы, медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделуі, сауықтырылуы (анықтама берілген), ата-аналарының біреуіне (баланың заңды өкіліне) еңбек демалысының берілуі және баланың жаз уақытында екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылуы себептері бойынша жоқ болған балаларға.

Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, салдарынан балалар мектепке дейінгі ұйымға бармайтын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қолданылған кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен  оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша айқындалатын көлемде және мөлшерде қаржыландырылады.

 

 

Облыс әкімі                                                                                                                                                     С. Трұмов

Дата публикации
12 марта 2021