Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын,

ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі    (Г.Қ. Мамаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.
  5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

         Маңғыстау облысының әкімі                                                                                                            С. Трұмов

Дата публикации
25 февраля 2021