Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын,
ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Г.Қ. Мамаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов