ГПРОН Дарын

 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы

№ __________ шығыс хатына қосымша

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму туралы»

2018 жылғы 12 тамызда өткен кеңесте берген тапсырмаларын орындау бойынша ақпарат

2.2.7 тармақ мемлекеттік бағдарламалардың, сондай-ақ Бес әлеуметтік бастаманың барлық бағыттарының толық және тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша

Маңғыстау облысында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру тұрақты негізде жүргізілуде.

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Маңғыстау облысы бойынша орындалысы.

Мемлекеттік бағдарламада жергілікті атқарушы органдарға тиісті 3 индикатор, 13 міндет, 35 көрсеткіш және олардан туындайтын іс-шаралар жоспары мен орындалысы көзделген.

Бағдарламаны қаржыландыру аясында 2018 жылға РБ-тен 6,3 млрд теңге, ЖБ-тен 12,7 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі 3 индикаторының 2018 жылғы жоспарына қол жеткізілді.

  1. Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі.

2018-2019 жаңа оқу жылында мектепке дейінгі білім беру ұйымы - 292 (2017 ж. – 262 бірлік) құрады, оның ішінде 155-і мемлекеттік, 137-сі жеке-меншік.

Бүгінгі таңда 3-6 жастағы балаларды қамту 97,1% (2017 ж.- 93,0%) (ҚР -95,2%) құрайды.

Қамтылған бала саны 39737 мың, оның ішінде 29639 бала мемлекеттік және 10098 бала жекеменшік балабақшада.

2018 жылы 3241 орындық 36 жекеменшік балабақша іске қосылды.

Соның ішінде 980 орындық 4 балабақша мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы ашылды.

2019  жылы 2862 орындық  30  жеке меншік балабақша іске қосылады (оның ішінде 1 МЖӘ). Нәтижесінде 3-6 жастағы балаларды  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен 100% қамту жоспарланды.

  1. НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі.

Күндізгі жалпы орта білім беретін 155 мектепте (150-мемлекеттік, 5-жеке) 138 360 оқушы (2017ж. – 128661 оқушы) білім алады.

Барлық мектептерде НЗМ тәжірибесі енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Бірінші сынып оқушыларының контингенті 19779 оқушы (2017-2018 оқу жылы – 16000 оқушы, 2016-2017 оқу жылы – 15200 оқушы).

Облыста білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2018 жылы 2141 мұғалім, 19 тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасарлары, 34 критериалды бағалауды үйлестірушілер біліктілік арттыру курстарынан өтті.

2019 жылдың қараша айында облыс мектептерінің 450-ге тарта мұғалімдері 4,9,10 сыныптарға арналған оқулықтар авторларымен кездесті. Кездесуге баспалардан 70 автор келді. 2 күндік семинарда 17 пән бойынша 100-ге тарта ұсыныс берілді.

Ақтау қаласындағы НЗМ, пилоттық мектептермен бірге 213 (3780 мұғалім), педагогикалық шеберлік орталығымен және «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалымен бірге 49 семинарлар мен шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. 2018 жылдың тамыз айында 6,8 сынып мұғалімдеріне арналған Назарбаев зияткерлік мектебінінің ұйымдастырған семинарына 912 мұғалім, Педагогикалық шеберлік орталығының  3 сынып мұғалімдеріне арналған семинарға 195 мұғалім қатысты.

Облыстық оқу әдістемелік және қосымша білім беру орталығы 2018 жылдың қыркүйек, қазан айларында 7 семинар өткізді. Семинарға 558 мұғалім қатысты.

  1. Балалардың жалпы санынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың үлесі.

Облыста 18 жасқа дейінгі балалар саны – 253 626, оның ішінде аз қамтылған отбасынан 11686 бала, жетім ата- анасының қамқорлығынсыз қалған 521 бала, мүмкіндігі шектеулі 4968 бала, мүгедек 2067 бала, оқуға жарамсыз 230 бала (2017ж.-195) бар.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға 4 арнайы (түзету) білім беру мекеме қызмет көрсетеді.

Бағдарламаның іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылы Мұнайлы ауданынан №2 аймақтық психологиялық – медициналық - педагогикалық консультациясы (14.05.2018ж. №94) ашылды.

2018 жылы қараша айында Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің жанынан облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.

Облыс бойынша жетім және қамқорлығынсыз қалған балалардың саны жыл сайын төмендеп келеді. Атап айтқанда, 2017 жылы 558 бала болса, 2018 жылы            521 бала.

Үш ауысымдық және апаттық мектептерді жою бойынша іс-шаралар.

2018-2019 оқу жылында 6300 орындық  9  мектеп іске қосылды.

Қазіргі таңда 6 мектеп үш ауысымда оқиды (2415  бала, олар: Ақтау -№29 о/м - 380, Мұнайлы а. Атамекен ауылындағы  №7 о/м - 263, Басқұдық ауылындағы № 9 о/м - 552, Батыр ауылындағы №10 о/м - 1094, Түпқараған а. Ақшұқыр мектеп-лицейінде - 68, Қарақия а. Жетібай ауылындағы №8 о/м – 58).

Үстіміздегі жылы үш ауысымда оқытуды жою мақсатында 3100 орынға                   

 3 мектептің құрылысы мен 2 мектеп жанынан қосымша құрылыс басталуды жоспарлап отырмыз (Ақтау қаласы 34 ш/а 900 орындық мектептң құрылысы, Мұнайлы а.  Басқұдық елді мекеніндегі  №9 о/м жанынан 320 орын, Атамекен ауылындағы №7 о/м жанынан 320 орын, Батыр ауылындағы  960 орындық мектептің құрылысы, Түпқараған а. Ақшұқыр ауылында  600 орындық мектеп құрылысы). 2019-2020 жж. Құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Инклюзивті білім беру.

Облыста орта білім беру ұйымдарында 800 ерекше білімді қажет (инклюзив) ететін балалар оқиды. 143 орта білім беретін мектептердің 120-сында пандустар мен шақыру тетіктері жасақталып, кедергісіз қолжетімділігі жасақталған.

Облыс бойынша жалпы білім беретін 14 мектепте 9 логопед-дефектолог маманы, 86 педагог-психолог жұмыс жасайды. 

Облыстағы маман тапшылығын жою мақсатында 2018 жылы дефектология мамандығын таңдаған 30 түлекке облыс әкімінің білім гранты бөлінді. 

Ағымдағы жылы Ақтау қаласындағы № 17 орта мектепте Астана қаласындағы «Болашақ» қорының көмегімен инклюзивтік сынып ашылды.

2019 жылы Ақтау қаласындағы №6 орта мектепте, Қарақия ауданындағы 4 мектептің жанынан «Дара» ҚҚ қолдауымен инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтары ашылады.

2018-2019 оқу жылында ерекше білімді қажет ететін балалар үшін алғаш рет Ақтау технологиялық колледжінде «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының «Тігінші» біліктілігі бойынша (нашар еститін және мүлдем естімейтін) арнайы топ ашылды.

Облыс бойынша барлығы білім беру ұйымдарында 18759 педагог бар. Оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 4651, жалпы білім беру ұйымдарында 12551 (олардың 5879 немесе 47% жоғары және бірінші санатты), колледждерде 1557 құрады.

Білім саласын цифрландыру.

Облыста білім беруді цифрландыруды жүзеге асыру үшін Жол картасы жасақталды. Осы бағытта білім саласында 4 жоба іске асырылуда.Олар:

  • «мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою және жолдама беру» мемлекеттік қызметін автоматтандыру жүйесін енгізу;
  • «оқушыларды мектепке қабылдау және есепке алу» мемлекеттік қызметін автоматтандыру (e.openmangystau.kz);
  • «мектептерде электронды журналдар мен күнделіктер енгізу» (mektep.edu.kz). Облыс бойынша «mektep.edu.kz» электронды журналы барлық 150 мемлекеттік мектепте пайдаланылады (100%). 2017-2018 оқу жылынан бастап ата-аналар мен мұғалімдерге арналған мобильді нұсқалары іске қосылды (www.mektep.edus – ата аналарға, www.mektep.edus – мұғалімдерге). Мобильді қосымшаны 6000-ға жуық мұғалім, 20 000-ға жуық ата-ана пайдаланады.
  • 2018-2019 оқу жылынан бастап барлық 27 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «kollezh.kz» автоматтандырылған электрондық жүйесі енгізіліп, жұмыс жасайды.

Мектептерді кеңжолақты Интернет желісіне қосу.

Бүгінгі күні облыстағы 150 күндізгі білім беретін мектептің барлығы (100%) кең жолақты интернет желісіне қосылған. Облыс бойынша 115 мектепте (80,4%)  Wi-Fi желісі жүргізілген. Қалған мектептерді Wi-Fi желісімен қамтамасыз ету ағымдағы жылы жүзеге асырылады.

Үш тілде білім беру.

2015 жылы «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған облыстық жол картасы» бекітілді.

Жол картасы аясында 101 мектепте жаратылыстану пәндерін жоғарғы сыныптарда ағылшын тілінде оқыту бойынша жұмыс жасап келеді.

2017-2018 оқу жылынан бастап 3 мектеп жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту, 23 мектеп сабақта ағылшын тілінің элементтерін қолдану бойынша Республикалық пилоттық мектеп болып бекітілді.

Облыста 1452 химия, биология, информатика, физика мұғалімдері қызмет етеді. Оның 729-ы ағылшын тілінің А1, А2, В1, В2 деңгейіне оқытылды.  Оның ішінде В1, В2 деңгейін меңгерген 416 мұғалімге үстемақы төленіп отыр (базалық лауазымдық жалақының (17697 т.) - 35 394 тг).

Осы бағытта төмендегі жобалар жүзеге асырылуда.

  1. «Swiss American Academy» компаниясының онлайн-курсында ауыл мектептеріндегі 4 пәннің 222 мұғалімі мен ағылшын тілінің 86 мұғалімі оқытылуда (2019 жылдың 1 қыркүйегінде В1, В2 деңгейін меңгеріп шығады).
  2. «Swiss American Academy» компаниясының IMT-класында 97 оқушы мен 45 колледж студенті ақылы, 28 мұғалім оқытылуда.
  3. «Ustaz Professional Learning Centre» орталығында ҚР БҒМ тапсырысымен 255 мұғалімге (Ақтау-109, Жаңаөзен-103, Мұнайлы-43)жыл бойы менторлық әдістемелік көмек көрсетуде.
  4. Ақпан айынан бастап облыс әкімдігі мен Британ Кеңесі бірлескен меморандумы аясында 2 жылдық «English for success» жобасы басталады. Бұл жобаны «ТШО» компаниясы толық қаржыландырып отыр. Оған облысымыздағы 43 мектеп пен колледждердің  186 мұғалімі мен оқытушылары ағылшын тілі курстарын оқиды. (37 мектептің, 6 колледждің, Есенов университетінің 2 жаратылыстану, 2 ағылшын тілдерінің оқытушылары қатысады).
  5. «Тенгизшевройл» компаниясы 64 қызметкері (волонтер) мектеп оқушыларына арналған ағылшын тілі курсы бастайды. Курс Түпқараған, Қарақия, Бейнеу оқушыларын қамтиды.

Нәтижесінде, 2019 жылдың 1 қыркүйегіне 638 мұғалім (43,9%) В1, В2 деңгейін меңгеріп шығады.

Арнайы білім беру

Облыста 4968 мүмкіндігі шектеулі бала білім алады. Оның ішінде мектеп жасында 3404 (230 бала – үйінен оқытылады), мектепке дейінгі жаста – 1564.

0-18 жас аралығындағы даму проблемалары бар балаларға оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін шешу, кемтар балаларға әлеуметтік және психологиялық - медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету мақсатында Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Мұнайлы ауданында психологиялық-медициналық- педагогикалық консультациясы (әрі қарай - ПМПК) жұмыс жасайды.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Облыста 27 колледжде (16 мемлекеттік, 11 жеке) 21 244 студент оқиды, оның ішінде 13 034 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда.

Техникалық және кәсіптік білім саласы бойынша мемлекеттік бағдарламаның 2018 жылы жоспарланған 4 міндет бойынша 7 көрсеткіш толығымен орындалды.

2018 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған 3454 түлектің 3168-і (92,0%) оқуды аяқтағаннан кейін бірінші жылы жұмысқа орналастырылды.

2018-2019 оқу жылында 24 колледжде дуальды оқытумен 37 мамандық бойынша 2569 студент қамтылған. 2018 жылдың көрсеткіштеріне сәйкес дуальды оқыту жүйесі енгізілген колледждер саны барлық колледждер санының 88,8%. Студенттер саны 24,7% артты.

Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының орындалу барысы туралы

3-бастама. «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»

  • Маңғыстау облысы бойынша 2018-2019 оқу жылы мектептердің 1369 түлек мемлекеттік гранттар алды.

Маңғыстау облысы әкімі қажет мамандықтарға 161 грантты, оның ішінде техникалық мамандықтар бойынша магистратурада оқу үшін 11 грантты қосымша бөлді.

2019 жылы 200 грант бөлінеді.

  • Облыста 2 жоғарғы оқу орны мен 27 колледжде 28 мың студент білім алады (жоғарғы оқу орнында – 6831, колледжде - 21244 студент).

Өңірде 1600 орындық 6 жатақхана бар, оның  2-і университет жанында (950 орындық), қалғаны колледждерінің жанында (650 орындық).

Бүгінгі күнге жатақханаға қажеттілік 1364 орынды құрайды, 2020-2021 жылдары студенттер контингентінің көбеюіне орай, бұл қажеттілік 2100 орынға артады деп күтілуде. Ол үшін мүмкіндіктеріміз бен нақты жоспарларымыз бар.

Ақпан айында 210 орындық жатақхананы іске қостық, 760 орынды жергілікті бюджет есебінен қыркүйек айына дейін пайдалануға беретін боламыз. Нәтижесінде биылғы жылы 970 студент  немесе 71% жатақханамен қамтылатын болады.

Сонымен қатар 2020-2021 жылдар аралығында 2100 орындық 5 жатақхана құрылысына тиісті жер телімдері белгіленді.

Анықтама үшін:

  • Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі жанынан 300 орындық жатақхана («CA Сервис» ЖШС);
  • Энергетикалық колледжі жанынан 300 орындық жатақхана («Интерекс» ЖШС);
  • Ақтау қаласынан 17 ш/а 500 орындық жатақхана құрылысы (НКОК компаниясы арқылы);
  • Ш.Есенов университеті жанынан 1000 орынға арналған 2 жатақхана құрылысы (республикалық бюджет және инвестор есебінен).

Осы шаралардың нәтижесінде, биылғы жылды қоса алғанда 2021 жылдың соңына дейін 3070 орындық 9 жатақхананы іске қосып, Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасындағы» студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету туралы тапсырмасын толықтай орындайтын боламыз.

         Мемлекет басшысының хаттамалық тапсырмасын орындау үшін ақпарат ретінде енгізіледі.

Дата публикации
23 декабря 2020