2020-2021 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 199 қаулысына сәйкес, сондай-ақ, 2020 жылғы 20 тамыздағы «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жергілікті бюджет есебінен жоғары немесе жоғары оқу орнынан білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № 01-06/251 қорытынды хаттамасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2020-2021 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2020-2021 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілсін.
Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов