About placement of the state educational order for training of personnel with higher and postgraduate education for the 2020-2021 academic year

2020-2021 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 199 қаулысына сәйкес, сондай-ақ,          2020 жылғы 20 тамыздағы «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жергілікті бюджет есебінен жоғары немесе жоғары оқу орнынан білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының                                    № 01-06/251 қорытынды хаттамасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2020-2021 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2020-2021 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілсін.

  1. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Ә. Сейдалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.Қ. Аққұловқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

            Маңғыстау облысының әкімі                                                                                        С. Трұмов

Дата публикации
21 сентября 2020