Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020 - 2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңдарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бекітілсін:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
- «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.С. Сейдалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Б. Жұмашевқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов