Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 113 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 113 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3913 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 2 тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
- «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары К.Б. Жұмашевке жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов