Маңғыстау облысының
2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша
АЙМАҚТЫҚ ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ
2026 ж. І тоқсан
|
№ |
Іс-шара |
Орындау мерзімі |
Жауапты |
Орындалысы |
|
||||||||||||
|
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ
|
|
||||||||||||||||
|
1. |
Кезектіліктің ұлғаюын ескере отырып, жекеменшік балабақшаларда 21 445 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру: 2023 ж. – 2 970 орын; 2024 ж. – 4 265 орын; 2025 ж. – 4 410 орын; 2026 ж. – 2 300 орын; 2027 ж. – 2 400 орын; 2028 ж. – 2 500 орын; 2029 ж. – 2 600 орын. |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру, Бюджеттік жоспарлау департаменттері |
Бақылауда Маңғыстау облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша аймақтық жол картасына сәйкес, 2026 жылы 2300 жаңа орын іске қосу жоспарланды. Бүгінгі таңға дейін барлығы 1450 жаңа орын ашылды. |
|
||||||||||||
|
2. |
Жекеменшік балабақша санын арттыру: 2023 ж. – 15; 2024 ж. – 16; 2025 ж. – 17; 2026 ж. – 18; 2027 ж. – 19. |
2023-2027 жж. |
Аудан, қала әкімдіктері Білім басқармасы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
Бақылауда 2026, жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша 1320 орындық 11 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды, 4 балабақша 130 орынға кеңейтілді.
|
|
||||||||||||
|
3. |
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2023 ж. – 87,8%; 2024 ж. – 90%; 2025 ж. – 94,2%; 2026 ж. – 97,5%; 2027 ж. – 99%; 2028 ж. – 100%. |
2023-2028 жж. |
Білім басқармасы Аудан, қала әкімдіктері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру, Бюджеттік жоспарлау департаменттері |
Маңғыстау облысында 50 134 баланы қамтитын 454 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік 137 бірлік, жеке меншік 317 бірлік. Сондай-ақ, мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында 9324 оқушы білім алуда. Барлығы 59 458 бала мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мен қамтылды. Қазіргі таңда 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту көрсеткіші 94,2%-ды құрайды. |
|
||||||||||||
|
4. |
11 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізу (реновация): 2023 ж. – 1 нысан; 2024 ж. – 1 нысан; 2025 ж. – 1 нысан; 2026 ж. – 1 нысан; 2027 ж. – 1 нысан; 2028 ж. – 1 нысан; 2029 ж. – 1 нысан. |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы Аудан, қала әкімдіктері Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы |
Бақылауда Маңғыстау ауданы «Айналайын» бөбекжайына ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 133 267 236 теңге қарастырылды. |
|
||||||||||||
|
5. |
Мектепке дейінгі ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету: 50 мемлекеттік балабақшада пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны жабдықтау және балабақша аумағын абаттандыру: 2023 ж. – 5 бб; 2024 ж. – 5 бб; 2025 ж. – 5 бб; 2026 ж. – 5 бб; 2027 ж. – 10 бб; 2028 ж. – 10 бб; 2029 ж. – 10 бб. |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы Аудан, қала әкімдіктері
|
Бақылауда 2026 жылға 5 балабақшаның материалдық – техникалық базасын қамтамасыз ету жоспарланды. Қаражат бөлінсе жоспар орындаолатын болады. |
|
||||||||||||
|
6. |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін өңірлердің әдістемелік кабинеттерінің жанынан 8 мобильдік топ құру |
2023ж. |
Білім басқармасы |
Орындалды Жоба 1 жыл мерзімге жоспарланып, 2023-2024 жылдары жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде көрсеткіш жоспардан артық орындалды.
|
|
||||||||||||
|
7. |
Мектепке дейінгі білім беру объектілерін қосымша бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру: 2023 ж. – 280 дана; 2024 ж. – 280 дана; 2025 ж. – 280 дана; 2026 ж. – 280 дана; 2027 ж. – 280 дана; 2028 ж. – 280 дана; 2029ж. – 280 дана. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Аудан, қала әкімдіктері Цифрлық технологиялар басқармасы Полиция департаменті |
Бақылауда Мектепке дейінгі білім беру объектілерін қосымша бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру қамтамасыз етілуде |
|
||||||||||||
|
8. |
Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының, әдіскерлерінің, тәрбиешілерінің жалпы санынан бейінді білімі бар педагогтердің үлесі: 2023 ж. – 56%; 2024 ж. – 58%; 2025 ж. – 60%; 2026 ж. – 62%; 2027 ж. – 64%; 2028 ж. – 67%; 2029 ж. – 70%. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша)
|
Мектепке дейінгі ұйымдарда 4901 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде: 4891 (99.7%) педагогтің мектепке дейінгі оқыту және тәрбие мамандығы бойынша дипломы бар. |
|
||||||||||||
|
9. |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарымен қамту: 2023 ж. – 855 педагог; 2024 ж. – 800 педагог; 2025 ж. – 800 педагог; 2026 ж. – 800 педагог; 2027 ж. – 850 педагог; 2028 ж. – 900 педагог; 2029 ж. – 900 педагог.
|
2023-2029 жж. |
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Балаларды ерте дамыту институты Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті |
«Өрлеу» БАҰО Маңғыстау облысы АҚ филиалы кәсіби даму институтында 126 педагог, Балаларды ерте дамыту институтынан 5 педагог курстарынан өтті.
|
|
||||||||||||
|
10. |
«Маңғыстау облысының үздік мектепке дейінгі ұйымдар желісі» жобасын жүзеге асыру |
2024-2029 жж. |
Білім басқармасы |
Биылғы жылы қаражат қарастырылмаған. |
|
||||||||||||
|
|
|
||||||||||||||||
|
11. 2 |
15 үш ауысымды мектепте 4000 орын тапшылығын толық жою үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 21 мектеп (22900 орын) құрылысын салу: - 2024 жылы 13 мектеп құрылысы, - 2025 жылы 8 мектеп құрылысын пайдалануға беру. |
2023-2025 жж.
|
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Жер қатынастары басқармасы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті |
Орындалды Жоба 2 жыл мерзімге жоспарланып, облыста 12 600 орындық 13 жаңа келешек мектеп пайдалануға берілді. Көрсеткіш толық орындалды.
|
|
||||||||||||
|
12. |
Мектептерде орын тапшылығын азайту үшін 6460 орындық 7 мектеп құрылысын және 1225 орындық 5 мектепке қосымша құрылысты пайдалануға беру: 2024 жылы: - 425 орындық 2 қосымша құрылыс (Түпқараған ауданы М.Әбдіхалықов мектебі - 300 орындық, М. Горький мектебі - 125 орын); - 3600 орындық 3 мектеп (Ақтау қаласы 18 ш/а, 19 «а» ш/а, Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылы «Алау» ш/а)
- 200 орындық 1 қосымша құрылыс (Маңғыстау ауданы А.Меңдалыұлы мектебі - 200 орын); - 1200 орындық 1 мектеп (Мұнайлы ауданы Қызылтөбе-2 ауылы).
2025 жылы: - 1660 орындық 3 мектеп (Маңғыстау ауданы Бекі ауылы, Тұщыбек ауылы, Түпқараған ауданы С.Шапағатов ауылы); - 600 орындық 2 қосымша құрылыс (Жаңаөзен қаласы №№ 18, 21).
|
2023-2027 жж.
|
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Жер қатынастары басқармасы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті |
Бақылауда Мектептерде орын тапшылығын азайту үшін 6460 орындық 7 мектеп құрылысын және 1225 орындық 5 мектепке қосымша құрылысының ЖСҚ жасақталуда.
|
|
||||||||||||
|
13. |
30 мектептің спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу: 2023 ж. – 6 мектеп; 2024 ж. – 6 мектеп; 2025 ж. – 6 мектеп; 2026 ж. – 6 мектеп; 2027 ж. – 6 мектеп. |
2023-2027 жж. |
Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
|
Бақылауда Ақтау қаласы бойынша №1, №5, №9, №17, №20, №21 орта білім беретін мектептердің спорт алаңдарына сомасы 147546 теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жаз айларына жоспарланып отыр. |
|
||||||||||||
|
14. |
29 мектептің спорт алаңдарына жаңарту: 2023 ж. – 5 мектеп; 2024 ж. – 6 мектеп; 2025 ж. – 6 мектеп; 2026 ж. – 6 мектеп; 2027 ж. – 6 мектеп. |
2023-2027 жж. |
Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Бақылауда Ақтау қаласы бойынша №1, №5, №9, №17, №20, №21 орта білім беретін мектептердің спорт алаңдарына жаңарту жоспарланып отыр. |
|
||||||||||||
|
15. |
Шағын қалалар мен ауылдардағы жалпы білім беретін мектептерді жаңғырту (жөндеу жұмыстарын жүргізу, материалдық-техникалық базасын нығайту және пәндік кабинеттермен қамту): 2023 ж. – 20 мектеп; 2024 ж. – 20 мектеп; 2025 ж. – 20 мектеп. |
2023-2025 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы
|
Бақылауда Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы Тобанияз мектебіне ағымдағы жөндеу үшін 547 404 613 миллион теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурсқа шығарылып жарияланды. |
|
||||||||||||
|
16. |
Мектептерде 275 робототехника, химия, биология физикасы, STEAM пәндік кабинеттерін сатып алу: 2023 ж. – 70 (5 робототехника, 20 химия, 20 физика, 20 биология, 5 STEM); 2024 ж. - 22 (8 робототехника, 2 химия, 2 физика, 2 биология, 8 STEM); 2025 ж. - 27 (7 робототехника, 4 химия, 4 физика, 4 биология, 8 STEM); 2026 ж. – 32 (8 робототехника, 5 химия, 5 физика, 5 биология, 9 STEM); 2027 ж. – 35 (7 робототехника, 7 химия, 7 физика, 7 биология, 7 STEM); 2028 ж. - 36 (15 робототехника, 2 химия, 2 физика, 2 биология, 15 STEM); 2029 ж. - 53 (15 робототехника, 8 химия, 8 физика, 7 биология, 15 STEM). |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы |
Бақылауда 2026 жылға Жаңаөзен мен Ақтау қалаларының мектептері үшін биология – 3, физика – 2, химия – 2, робототехника – 2, STEM – 3 кабинеттері сатып алынуға жоспарлануда. Аталған мақсатқа 157 229,81 теңге көлемінде қаражат бөлінді.
|
|
||||||||||||
|
17. |
106 мектепті бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру: 2023 ж. – 14 мектеп; 2024 ж. – 14 мектеп; 2025 ж. – 15 мектеп; 2026 ж. – 15 мектеп; 2027 ж. – 16 мектеп; 2028 ж. – 16 мектеп; 2029 ж. – 16 мектеп |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы Цифрлық технологиялар басқармасы Полиция департаменті
|
Бақылауда Мектепті бейнебақылау жүйелерімен қосымша жарақтандыру орнатылуда. |
|
||||||||||||
|
18. |
100 мб/с төмен емес интернетпен қамтамасыз етілген, жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтылған орта білім беру ұйымдарының санын арттыру: 2023 ж. – 30 мектеп; 2024 ж. – 40 мектеп; 2025 ж. – 50 мектеп; 2026 ж. – 60 мектеп; 2027 ж. – 70 мектеп; 2028 ж. – 80 мектеп; 2029 ж. – 90 мектеп. |
2023-2029 жж. |
Цифрлық технологиялар басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы
|
Бақылауда Маңғыстау облысының барлық 160 мектебі интернетке 100% қосылды. Сондай-ақ, 2 мектепте Starlink спутниктік жүйесі жұмыс жасайды. 119 мемлекеттік мектепте интернет жылдамдығы 100 мб/с жоғары. |
|
||||||||||||
|
19. |
Педагог кадрлардың орын тапшылығын төмендету: 2023 ж. – 25 орын; 2024 ж. – 19 орын; 2025 ж. – 10 орын.
|
2023-2025 жж. |
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің Педагог кадрлармен жұмыс басқармасы Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша) |
Жоба 1 жыл мерзімге жоспарланып, 2023-2024 жылдары жұмыстар жүргізіліп, индикатор орындалмады.
|
|
||||||||||||
|
20. |
Облыстың білім беру ұйымдары педагогтерін біліктілікті арттыру курстарымен қамту: 2023 ж. – 6 699; 2024 ж. – 7 000 ; 2025 ж. – 7 100; 2026 ж. – 7 200; 2027 ж. – 7 400; 2028 ж. – 7 500; 2029 ж. – 8 000. |
2023-2029 жж. |
«Өрлеу» ҚР БАҰО АҚ «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО Білім басқармасы |
Бақылауда Маңғыстау облысы бойынша жалпы білім беретін мектеп және мектепке дейінгі білім беретін ұйым, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтер саны – 23337. 2026 жылға 4631 педагог біліктілік арттыру курстарынан өтеді деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 355 педагог курстан өтті. «Өрлеу» ҚР БАҰО АҚ- 346 педагог, «Балаларды ерте дамыту институты» – 5 педагог Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы-4 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті. |
|
||||||||||||
|
21. |
Менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарында кадр резервіндегі жалпы білім беретін мектеп басшыларының 250 орынбасарын оқыту: 2023 ж. – 20 орынбасар; 2024 ж. – 30 орынбасар; 2025 ж. – 40 орынбасар; 2026 ж. – 50 орынбасар; 2027 ж. – 60 орынбасар; 2028 ж. – 20 орынбасар; 2029 ж. – 30 орынбасар. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
|
Бақылауда Қазіргі таңда Білім беруде көшбасшылардың кадр резервін құру мақсатында «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервін қалыптастыру іс-шарасы аясында 2023-2025 жж 27 педагог кадр резервіне алынды |
|
||||||||||||
|
22. |
Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Құқықтық сауаттылық» жобасын жүзеге асыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы |
Бақылауда 2026 жылы «Қаржылық сауаттылық» біліктілікті арттыру курсына 75 педагог өтті |
|
||||||||||||
|
23. |
Жалпы білім беретін мектептердің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, мұғалімдеріне, психологтарына жас мамандарына жетекшілік етуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру. (Бағдарламалар бойынша қосымша білім беру курстары: «Ұйымдағы зорлық зомбылықтың алдын алу», «Қолайлы білім беруді қамтамасыз ету» |
2023-2025 жж.. |
Білім басқармасы |
Орындалды Жоба 2 жыл мерзімге жоспарланып, 2023-2025 жылдары барлық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде индикатор толық орындалды.
|
|
||||||||||||
|
24. |
Білім беру ұйым басшыларның кадрлық резервін қалыптастыру. |
үнемі |
Білім басқармасы |
Қазіргі таңда Білім беруде көшбасшылардың кадр резервін құру мақсатында «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервін қалыптастыру іс-шарасы аясында 2023-2025 жж 27 педагог кадр резервіне алынды |
|
||||||||||||
|
25. |
«Позитивтік мәдениетке тәрбиелеу» тақырыбында педагог тәрбиешілерге арналған вебинарлар және аймақтық семинарлар өткізу. |
2023-2024 жж. |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академия Білім басқармасы |
Орындалды Жоба 1 жыл мерзімге жоспарланып, 2023-2024 жылдары барлық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде индикатор толық орындалды. |
|
||||||||||||
|
26. |
Ата- аналар академиясы жобасын жүзеге асыру |
2023-2025 жж. |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академия Білім басқармасы |
Орындалды Жоба 2 жыл мерзімге жоспарланып, 2023-2025 жылдары барлық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде индикатор толық орындалды. |
|
||||||||||||
|
27. |
«Жасөспірімдердің психологиялық тұрақтылығы» тақырыбында ғылыми –педагогикалық зеттеулер жүргізу. |
2023-2025 жж. |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім басқармасы |
Орындалды Жоба 2 жыл мерзімге жоспарланып, 2023-2025 жылдары барлық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде индикатор толық орындалды. |
|
||||||||||||
|
БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ |
|
||||||||||||||||
|
28. |
Облыстың білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне қатысуы (ББЖМ) |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы «Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ Білім басқармасы |
Бақылауда 2026 жылы ББЖМ аясында 4 және 9 сынып оқушыларының оқу, математика, жаратылыстану бағыттары бойынша білімдері мен дағдылары бағалау үшін Маңғыстау облысы бойынша 56 мектеп (44 мемлекеттік, 12 жекеменшік) қатысады. Оқыту тілі бойынша қазақ тілді – 48, орыс тілді – 3 мектеп. Анықтама үшін: 2025 жылы білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингіне (ББЖМ) бойынша 4-сыныптар арасында өңірдің орташа интегралдық балы 496 балды құрап, республикалық көрсеткіштен (501 балл) 5 балға төмен болды. 9-сыныптарда орташа балл 481 болып, республикалық деңгейден (498 балл) 17 балға төмен екендігі анықталды. |
|
||||||||||||
|
29. |
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын кешенді дамыту |
2023 ж. |
«Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ Білім басқармасы |
Бақылауда Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын кешенді дамыту бағыты аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған ғылыми-әдістемелік семинарлар жүйелі түрде ұйымдастырылуда. EduCon платформасында функционалдық сауаттылықты бағалауға бағытталған тест тапсырмалары әзірленіп, өткізілуде, сондай-ақ «Үздіктен үйрен» жобасы шеңберінде озық педагогикалық тәжірибелерді тарату мақсатында үздік сабақтар топтамасы дайындалуда. |
|
||||||||||||
|
30. |
Жоғарғы сыныптарда жаратылыстану-математикалық циклы пәндері мен ағылшын тілін оқыту қарқындылығын, сапасын күшейту |
2024-2029 жж. |
Білім басқармасы «Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ |
Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері бойынша ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыратын мектептер саны -78. Оның ішінде ауылдық жерлерде – 50, қалалық жерлерде – 28. Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері (физика, химия, биология, информатика) бойынша ағылшын тілінде 12967 оқушы білім алып, барлығы 223 педагог сабақ берген болатын. Педагог сертификаттарының мерзімінің өтуіне байланысты БИЛ, ЖБИЛ -ден басқа білім беру ұйымдарында жаратылыстану-ғылыми цикл пәндері бойынша ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру тоқтатылды |
|
||||||||||||
|
31. |
Маңғыстау облысының білім беру қызметін кешенді зерттеу |
2024-2025 жж. |
«Білімді зерттеу және бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ Білім басқармасы |
Орындалды Жоба 2 жыл мерзімге жоспарланып, 2023-2025 жылдары барлық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде индикатор толық орындалды. |
|
||||||||||||
|
32. |
Жаңаөзен қаласының 6 мектебінде «Білім-инновация» лицейлерінің оқу-әдістемелік, кәсіптік бағдар беру тәжірибесін енгізу |
2023-2025 жж. |
Жаңаөзен қаласы әкімдігі «Өзенмұнайгаз» АҚ Білім басқармасы |
Орындалды Жоба 2 жыл мерзімге жоспарланып, 2023-2025 жылдары барлық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде индикатор толық орындалды. |
|
||||||||||||
|
33. |
Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары үшін «Цифрлық мұғалім» жобасын апробациядан өткізу |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы |
Бақылауда Облыс бойынша жалпы білім беретін мектептердегі тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар қатарынан оқу үлгерімі төмен 1100 білім алушы анықталып, іріктелді. Облыс бойынша тұрмысы төмен отбасылардың үлгерімі төмен білім алушылары анықталған, іріктеліп алынған 115 мектеп (Ақтау – 22, Бейнеу – 24, Жаңаөзен – 19, Қарақия – 5, Мұнайлы – 17, Түпқараған – 11, Маңғыстау – 17) «Цифрлық ұстаз» жобасына енді. Қазіргі таңда Еduway.kz платформасында оқушыларды кешенді онлайн оқыту жұмыстары жүргізілуде. |
|
||||||||||||
|
34. |
«Маңғыстау облысының тұлғалар есімі берілген атаулы мектептері» жобасын жүзеге асыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы |
2026 жылғы І тоқсаны бойынша білім беру ұйымдардан сұраныс түспеді |
|
||||||||||||
|
35. |
Пән мұғалімдерінің білім сапасын арттыру бағытындағы «Үздік педагог» қауымдастығының, пән мұғалімдері қауымдастықтарының жобаларын жүзеге асыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы
|
Бақылауда 2025-2026 оқу жылынан бастап облыстық тарих пәні мұғалімдерінің қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тұғыр» quizzes интеллектуалды сайысы (тоқсан сайын), «Chronos» - жас тарихшыларға арналған облыстық тәжірибелік форум (қараша айында) жоспарға енгізілді және ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Бір тоқсанға бір кітап» жобасы жүзеге асырылып отыр. «Үздіктен үйрен» жобасы аясында 2 математика пәні мұғалімінің бейнесабағы ютуб, фейсбук парақшаларына жарияланды. |
|
||||||||||||
|
36. |
Математика пәні мұғалімдерінің білім сапасын арттыру бағытындағы «Математикалық прогрессия» жобасын жүзеге асыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы |
Орындалды 2026 жылы 27 ақпан күні Мұнайлы ауданы №18 ЖББМ-де «Математикалық прогрессия» облыстық байқауы өткізілді. Оған 76 мұғалім қатысып, І және ІІ орын алған мұғалімдер республикалық байқауға қатысады. 2026 жылдың наурыз айыннан бастап Ш.Есенов университетімен меморандум аясында 4 курс студенттерімен байқау өткізіліп басталды. |
|
||||||||||||
|
37. |
«Маңғыстау облысындағы ауыл және қала мектептерінің білім сапасындағы алшақтықты қысқарту» облыстың 30 мектебін даму стратегиясын менторлық қолдау бойынша жобаны жалғастыру |
2023-2025 жж. |
Білім басқармасы
|
Тоқтатылды Білім беру ұйымдары мен жобаны ұйымдастырушы жақтың арасындағы келісім шарттың аяқталуына байланысты жоба тоқтатылды. |
|
||||||||||||
|
38. |
«Мектептерді қолдаудың ашық алаңдары» аудандар мен қалалардың мектептерінде Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің әдістемелік және практикалық қолдау жобасын жүзеге асыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша) |
Бақылауда Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі бітіруші түлектермен «Сабақ шоу» байқауы аясында Ақтау қаласының №28, №32 мектептерінде 40 сабақ өткізді.
|
|
||||||||||||
|
39. |
«Өрлеу» БАҰО АҚ Маңғыстау филиалының облыс педагогтеріне әдістемелік-практикалық көмек көрсетуін және «Тәлімгерлік мектебі» педагогикалық шеберлік зертханасы» жобасын жүзеге асыру |
2023-2029 жж. |
«Өрлеу» БАҰО АҚ МФ Маңғыстау филиалы Білім басқармасы |
2023 жылы бекітілген жоспарға сәйкес жоба аясында Ақтау қаласының №3 және №9 ЖББМ, Қарақия ауданының №6 ЖББМ және Маңғыстау ауданының Жармыш ЖББМ қамтылды. Аталған білім беру мекемелеріне тиісті әдістемелік көмек көрсетілді. Есепті кезеңде тірек мектептері ретінде бекітілген 4 білім беру мекемесінің базасында 7 іс-шара ұйымдастырылды. Қалған шаралар онлайн форматта өтті. Аталған шараларда мұғалім белсенділігі, шараға қатысуы жоғары болды. Жоба бір жылдық мерзімге есептелген және 2023 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған жұмыстар толығымен орындалып, жоба аяқталды. |
|
||||||||||||
|
40. |
Ақтау қаласының ІТ-лицейінде және IT мектеп-лицейінде «Медиана» ІТ компаниясымен цифрлық құзыреттіліктер мен бағдарламалау тілдерін дамыту жөніндегі жобаны іске асыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы «Медиана» ЖШС (келісім бойынша) |
Тоқтатылды |
|
||||||||||||
|
41. |
«Маңғыстау облысының кәсіптер атласы» жобасын іске асыру (колледждердің оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша жобасын жасақтау, жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың кәсіби бағдар мен диагностикасын жүргізу) |
2023-2025 жж. |
Білім басқармасы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (келісім бойынша) |
Орындалды Жоба 2 жыл мерзімге жоспарланып, 2023-2025 жылдары барлық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде индикатор толық орындалды. |
|
||||||||||||
|
42. |
«Маңғыстау» облыстық телеарнасындағы 11 сынып оқушыларына арналған «Жүзден жүйрік» зияткерлік телеойынын жалғастыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Ішкі саясат басқармасы «Маңғыстау» облыстық телеарнасы (келісім бойынша) |
Тоқтатылды |
|
||||||||||||
|
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ |
|
||||||||||||||||
|
43. |
Ерекше мүмкіндіктері бар балалар үшін ПМПК желісін 50 мың балаға 1 есебінен 2 бірлікке кеңейту: 2025 ж. – 1 дана; 2028 ж. – 1 дана.
|
2025-2028 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы |
2025 жылы Қарақия ауданы Жетібай селосынан 1 ПМПК ашылды. Келесі 2028 жылға жоспарланатын болады.
|
|
||||||||||||
|
44. |
Ерекше мүмкіндіктері бар балаларға арналған арнайы педагогтер үшін ресурстық орталық ашу: 2026 ж. – 1 дана; 2027 ж. – 1 дана; 2029 ж. – 1 дана. |
2026-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы
|
Жаңаөзен қаласынан ерекше білім бергуге қажеттілігі бар балаларға жағдай жасауда білім беру ұйымының жанынан 1 ресурстық орталық ашу жоспарланды. |
|
||||||||||||
|
45. |
Ерекше мүмкіндіктері бар балалар үшін психологиялық-педагогикалық түзетудің кабинеттер (ППТК) желісін кеңейту: 2023 ж. – 1 кабинет; 2024 ж. – 1 кабинет;
|
2023-2024 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы |
Орындалды Жоба 1 жыл мерзімге жоспарланып, 2023-2024 жылдары барлық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде индикатор толық орындалды. |
|
||||||||||||
|
46. |
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру: 2023 ж. – 100 орын; 2024 ж. – 170 орын; 2025 ж. – 200 орын; 2026 ж. – 250 орын; 2027 ж. – 300 орын; 2028 ж. – 350 орын; 2029 ж. – 400 орын. |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті |
Облыста ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жағдай жасауда ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына және ҚР инклюзивті саясаттың 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Маңғыстау облысында 0-18 жас аралығында 348 340 бала бар, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар 10285 баланың (оның ішінде мүгедек бала - 3205) 5 психологиялық - медициналық-педагогикалық консультацияда (бұдан әрі- ПМПК) тіркелген балалардың 90 %-ы білім беру ұйымдарында қамтылған. Бұл санаттағы балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі –ПМПК) тұжырымдасы негізінде білім беру ұйымдарына жолданып, сәйкесінше денсаулығын оңалтады, оқу-тәрбиемен, әлеуметтік бейімдеумен қамтылады. Бүгінді таңда облыста 5 ПМПК жұмыс жасайды, онда жыл сайын 500-ден астам ата-ана консультациялық көмек алады. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуына тең мүмкіндік жасау, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқу үдерісін бейімдеу мақсатында білім беру ұйымдарында аталған санаттағы балалар үшін оқу үдерісі бейімделген оқу жоспарлары мен жеке оқу бағдарламалары негізінде жүргізіледі, түзету-педагогикалық қолдау (дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ассистент) қамтамасыз етіледі, білім беру ұйымдарында психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум жүйелі жұмыс істейді. |
|
||||||||||||
|
47. |
Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған білім беру ұйымдарының үлесі:
|
2023-2026 жж. |
Аудан, қала әкімдіктері Білім басқармасы Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
|
Облыста 134 балабақшаның 108-інде 80,5%, 155 мектептің 148-інде 95,4%, 15 колледждің 14-інде 93,3% инклюзивті білім беруге жағдай жасалды.Онда 455 арнайы маман жұмыс жасайды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде 166 инклюзивті қолдау кабинеті жұмыс жасайды. Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісінде туындайтын түрлі мәселерді шешуде (инклюзивті білім беру, әдістемелік көмек көрсету, психологиялық қолдау т.б.) мектеп директорларының бұйрығымен педагогикалық консилиум құрылған. |
|
||||||||||||
|
БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ |
|
||||||||||||||||
|
48. |
Балалардың хал-ахуал индексіндегі көрсеткішті көтеру: 2023 ж. – 51 балл; 2024 ж. – 51,5 балл; 2025 ж. – 52 балл; 2026 ж. – 52,5 балл; 2027 ж. – 53 балл; 2028 ж. – 53,5 балл; 2029 ж. – 54 балл. |
2023-2029 жж. |
Аудан, қала әкімдіктері Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті |
Балалардың хал-ахуал индексінің ағымдағы жылдың қорытындысы жыл соңында шығады. |
|
||||||||||||
|
49. |
Балалардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыру: 2023 ж. – 85%; 2024 ж. – 88,3%; 2025 ж. – 90,3%; 2026 ж. – 92,3%; 2027 ж. – 93,7%; 2028 ж. – 94%; 2029 ж. – 95,3%. |
|
|
|
|
||||||||||||
|
50. |
Барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету: 2023 ж. – 100%; 2024 ж. – 100%; 2025 ж. – 100%; 2026 ж. – 100%; 2027 ж. – 100%; 2028 ж. – 100%; 2029 ж. – 100%. |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті |
Облыста 160 мемлекеттік мектептің 7-уінде оқушыларды тамақтандыру мектептің өз асханаларында, бекітілген штаттық кестеге сай жүзеге асырылады (6 интернаттық мекеме және 1 күндізгі Аққұдық негізгі мектеп). Ал қалған 153 мектептің 152-де асхана бар, асханасыз 1 бастауыш мектеп (Боздақ мектебі). Бұл мектепке буфеттік тамақ ұйымдастырылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептердегі 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады. 2026 жылға ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 1-4 сынып оқушыларына 7 375,3 млн теңге қарастырылды. |
|
||||||||||||
|
51. |
Жұмысты бақылау мен есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізу: оқушылардың мектеп ғимаратына кіруін қамтамасыз ету, тіркеу жүйелері және баланың тамақтануын бақылау |
2023-2024 жж. |
Білім басқармасы Цифрлық технологиялар басқармасы
|
Оқу материалдарына қол жеткізу, мектеп ғимаратына кіру, сонымен қатар тамақтануға ақы төлеу үшін сәйкестендіру карталары облыстағы 91 мектепке енгізілді. |
|
||||||||||||
|
52. |
Білім беру ұйымдарын (мектептерді, колледждерді, мектепке дейінгі ұйымдарды) білім және ғылым саласында қызмет атқаратын террористік - осал объектілерден терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі ҚР Білім министрлігінің талаптарына сәйкес тиісті қауіпсіздік құралдарымен жарақтандыру (ҚР БҒМ 2022.03.30 № 117 бұйрығы - лицензияланған күзет, бейнекамералар және оларды қауіпсіздік жүйесіне қосу, дабыл түймесі): 2023 ж. – 100%; 2024 ж. – 100%; 2025 ж. – 100%; 2026 ж. – 100%; 2027 ж. – 100%; 2028 ж. – 100%; 2029 ж. – 100%. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Цифрлық технологиялар басқармасы Полиция департаменті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті |
Орындалды Барлық білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан бейнебақылау камераларымен қамтылған. Облыста 644 білім беру ұйымы (308 мемлекеттік, 336 жекеменшік) бар және онда 17 685 бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Барлық білім беру ұйымдарының бейнебақылау камералары нұсқаулық талаптарына сәйкес полиция департаментінің жедел басқару орталығына 100% (ЖБО) қосылған және 644 білім беру ұйымында дабыл түймелері толық орнатылды. 2025 жылы Маңғыстау облысы Полиция департаменті «Кілеммен қаптау» жобасын іске асыру шеңберінде, облыстағы бейнебақылау желісін кеңейту бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарында 282 дана бейнебақылау жүйесін орнатылды. Кіруді басқару жүйесі бойынша 235 білім беру ұйымдарында турникеттер (210 мектеп, 25 колледж) және 409 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында видеофон орнатылған. Лицензияланған күзетпен шарттар жасасуда барлық білім беру ұйымдары қауіпсіздік агенттіктерімен шарттар жасақтаған. 2026 жылы Ақтау, Жаңаөзен қалалары, Мұнайлы ауданында күзет мәселесі бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады. Нұсқаулық талаптарына сәйкес білім саласында 269 білім беру ұйымы енгізілді. Террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізіміне енгізілген 269 білім беру ұйымының ішінде 68-і 1-топқа және 201-і 2-топқа жатады. Нұсқаулық талаптарына сәйкес 269 білім беру ұйымының (110 балабақша, 145 мектеп, 14 колледж) бейнебақылау камералары 100%-ы ЖБО-ға қосылған және дабыл түймелері толықтай орнатылған. Күзет жөніндегі талаптар мемлекеттік білім беру ұйымында бар немесе Нұсқаулық талаптарына 100% сәйкес келеді. Турникеттерді орнату жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына, салыстыру актілеріне сәйкес турникеттер және видеофон білім беру ұйымдарында 100% орнатылған. |
|
||||||||||||
|
53. |
Білім беру ұйымдарында төтенше жағдайларға байланысты оқу-жаттығуды өткізу: - терроризмге қарсы; - жер сілкінісі, өрт және т.б. |
2023-2029 жж. |
Төтенше жағдайлар департаменті Полиция департаменті Білім басқармасы |
Білім беру ұйымдарында «Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы ережелер мен мәліметтер», «Өрт қауіпсіздігі ережелері», «Мектептегі өрт кезіндегі ережелер мен мінез-құлық», «Өрт қауіпсіздігі мен оның алдын алу шаралары» т.б. тақырыптарында 2026 жылғы 1 тоқсанда 200-ден аса сынып сағаты, 300-ге жуық дәріс, әлеуметтік желіде челлендж, 1000-нан аса ата-аналар жиналысы өткізілді. Оларға 85948 оқушы, 57700 ата-ана қатысты. |
|
||||||||||||
|
54. |
Білім беру ұйымдарында «Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығын өткізу (тоқсан сайын) |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Төтенше жағдайлар департаменті Полиция департаменті |
Облыс прокуратурасының бастамасымен 2023 жылы, облыс мектептеріне прокуратура, полиция қызметкерлері бекітілді. 2026 жылғы 1 тоқсанда ББҰ-да «Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығында мамандар шақырылып, 200-ге жуық құқықтық сабақ, кездесу ұйымдастырылды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауыттылығын арттыру мақсатында Маңғыстау облысының прокуратурасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «QR-профилактика» жобасын іске асыруда. Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен (18.06.2024ж. № 105) Маңғыстау облысының білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы ашылып, жұмыстар атқаруда. «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы - сенім телефоны іске қосылып, білім беру ғимараттарының кіреберістеріне және ақпараттық ресурстарда орналастырылды. |
|
||||||||||||
|
55. |
Бағыттар бойынша үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру: - кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу; - кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу; - әскери-патриоттық тәрбие; -экологиялық тәрбие
|
2023-2025 жж. |
Білім басқармасы Ішкі саясат басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті |
Орындалды! Жоба 2 жыл мерзімге жоспарланып, 2023-2025 жылдары барлық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде индикатор толық орындалды. |
|
||||||||||||
|
56. |
Білім саласы тәрбиеленушілері арасында тұрақты негізде жолда жүру қауіпсіздігін насихаттау (дәрістер, конкурстар, викториналар, слеттер) |
2023-2029 жж. |
Полиция департаменті Білім басқармасы |
Білім беру ұйымдарында «Жол-көлік апатының алдын алу», «Жол жүру ережесі», «Жолдағы қауіпсіздік», «Жол қауіпсіздігі», «Жол ережесін сақтайық!», «Сақтықта қорлық жоқ!» т.б. тақырыптарында тоқсан сайын 7000-ден аса сынып сағаты, 1000-ға жуық дәріс, 1200-ден аса ата-аналар жиналысы өткізілді. Оларға 89489 оқушы, 50 000 ата-ана қатысты. |
|
||||||||||||
|
57. |
Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және ішкі істер органдарында есепте тұрған балаларды қосымша біліммен қамту 2023-2029 жж. – 100%
|
2023-2025 жж. |
Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Дене шынықтыру және спорт басқармасы Полиция департаменті |
Орындалды 2025 жылы облыс бойынша тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және ішкі істер органдарында есепте тұрған балалар 100 % қосымша біліммен қамтылды
|
|
||||||||||||
|
58. |
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілердің үлесін төмендету 2023 ж. – 9,8%; 2024 ж. – 9,4%; 2025 ж. – 8,9%; 2026 ж. – 8,5%; 2027 ж. – 8,3%; 2028 ж. – 8,1%; 2029 ж. – 7,9%. |
2023-2029 жж. |
Аудан, қала әкімдіктері Полиция департаменті Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті |
Облыста 0-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың саны 348 мыңнан астам баланы құрайды. 501 бала бар. Оның ішінде: қорғаншылық пен қамқоршылықта 418 бала, патронаттық тәрбиеде 24 бала, интернаттық мекемелерде 59 бала тәрбиеленуде. ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және балаларды өз отбасыларында тәрбиелеуге тілек білдірген азаматтарға арналған Республикалық деректер қорына әлеуметтік мәртебесі анықталған 501 бала толық енгізілді. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын, әлеуметтік көмек көрсетуде жергілікті атқарушы орган тарапынан қорғаншылық, қамқоршылық функцияларды жүзеге асыратын аудандық, қалалық білім бөлімдерінде 17 маман (12 маман, 5 әдіскер) қызмет көрсетеді. |
|
||||||||||||
|
59. |
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету: 2023 -2029 жж. – жаңа тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде 20% - ы; жұмысқа орналастыру - 100%.
|
2023-2029 жж. |
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Аудан, қала әкімдіктері Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті |
2023 жыл мен 2025 жылдың аралығында «жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала» санатындағы 86 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның ішінде: 2021 жылы - 46 2022 жылы – 25 адам 2023 жылы – 11адам 2024 жылы - 4 адам. 2025 жылы – 23 адам Олардың 26-сы - Отбасылық үлгідегі балалар аулының түлектері. Бүгінгі таңда облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде «жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған санаты» бойынша 1078 адам тіркелген, олардың ішінде кәмелет жасқа толғандары - 617, кәмелет жасқа толмаған бала саны - 461. Олардың 180-і - Отбасылық үлгідегі балалар ауылының түлектері мен тәрбиеленушілері. |
|
||||||||||||
|
60. |
Оқушы, ата-ана, мектеп байланысы арқылы тәрбие жұмыстарын үйлестіру және нығайту («Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер кеңесі» және т.б.) |
2023-2029 жж.
|
Білім басқармасы Ішкі саясат басқармасы Жастар саясаты мәселелері басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті |
Облыстағы 159 білім беру ұйымында ата-аналармен өзара қарым қатынасты күшейтуде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмыс жасайды. Жас ерекшеліктеріне қарай 1-4, 5-9, 10-11 сыныптары білім алушыларының ата-аналарына арналған сабақтар тұрақты түрде өткізіледі. Сонымен қатар «Даналық мектебі» клубы аясында «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебі» өз жұмысын жалғастыруда. 2026 жылғы 23-24 қаңтарда ұлттық және отбасы құндылықтарын біртұтас тәрбие беру ісінде кең насихаттау мақсатында Маңғыстау облысында «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адал азамат: қоғам тірегі» атты әкелер кеңесінің отырысы өткізілді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында мүдделі органдардың, еңбек ардагерлерінің, қоғам белсенділері мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының басшыларының, педагогтердің қатысуымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, ұрпақ тәрбиелеу маңыздылығы, ұлттық дәстүрді насихаттау мақсатында 350-ге жуық шара өткізіліп, ата-аналармен пікір алмасу жұмыстары, психологиялық тренингтер жүргізіліп, оларға бала тәрбиесіне қатысты әдістер берілді. |
|
||||||||||||
|
61. |
Балаларға қауіп төндіретін орындарды анықтау және түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтау мақсатында кешкі рейдтік мониторинг жүргізу (жарықтандырылмаған аллеялар, су айдындары, ашық люктер, құдықтар, құрылыс объектілері, өнеркәсіптік аймақтар, темір жолдары, электр станциялары, қаңғыбас иттер жиналатын орындар және т. б.) |
2023-2025 жж. |
Аудан, қала әкімдіктері Полиция департаменті Білім басқармасы |
Орындалды Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер арасында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жергілікті полиция басқармасымен 8 жедел профилактикалық іс-шара («Абайлаңыз балалар», «Қауіпсіз жол», «Қауіпсіз білім беру ұйымы», «Жасөспірім», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Түнгі қаладағы балалар», «Сабақ», «Демалыс кезеңі») ұйымдастырылды. Аталған жедел-профилактикалық шаралар аясында тоқсан сайын 5000-ден аса сынып сағаты, 100-ге жуық дәріс, 200-ден аса ата-аналар жиналысы өткізілді. Оларға 98700 оқушы, 50 000 ата-ана қатысты. |
|
||||||||||||
|
62. |
Білім ұйымдары жанындағы жаяу жүргіншілер өткелі, бағдаршамдар, жол белгілері, көшелердің жарықтандырылуы, жаяу жүргіншілердің аяқжолдарының талаптарға сәйкестілігі: 2023 ж. – 60%, 2024 ж. – 80%, 2025 ж. – 100%.
|
2023-2025 жж. |
Аудан, қала әкімдіктері Полиция департаменті Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасы |
Орындалды Білім беру ұйымдарында «Жол-көлік апатының алдын алу», «Жол жүру ережесі», «Жолдағы қауіпсіздік», «Жол қауіпсіздігі», «Жол ережесін сақтайық!», «Сақтықта қорлық жоқ!» т.б. тақырыптарында тоқсан сайын 830-ден аса сынып сағаты, 2000-ға жуық дәріс, 200-ға жуық ата-аналар жиналысы өткізілді. Оларға 95150 оқушы, 60 000 ата-ана қатысты. Сонымен қатар «Жас жол инспекторлары» жасақтарының жұмысын жетілдіру және балалардың жол-көлік жарақаттануының профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде білім беру ұйымдарында «Жас жол инспекторлары» слеті ұйыымдастырылады. Ағымдағы 15-19 шілде аралығында Тәжікстан республикасында өтетін халықаралық слетқа Ақтау қаласының командасы қатысады. ҚР Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 87-тармағына сәйкес, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен полиция департаменті білім беру ұйымдарына іргелес жатқан жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірлескен балаларға арналған жол инфрақұрылымының талапқа сай сәйкестендіруде 2024-2025 жылдарға арналған жоспар жасақталып бекітілді. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде «Білім беру ұйымдарында оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары» жасақталып, мүдделері органдармен бірлесе жұмыстар атқарылып, қатаң бақылауда ұсталынып отыр. Білім беру ұйымдарынының жанынан 129 жасанды жол, 116 жаяу жүргінші жолы, 256 балалар мен жылдамдық белгілері орнатылған, сонымен қатар, жол полициясы қызметкерлері таңертең және түс мезгілдерінде кезекшілікте тұрады. Білім беру ұйымдарында «Жол-көлік апатының алдын алу», «Жол жүру ережесі», «Жолдағы қауіпсіздік», «Жол қауіпсіздігі», «Жол ережесін сақтайық!», «Сақтықта қорлық жоқ!» т.б. тақырыптарында тоқсан сайын 7000-ден аса сынып сағаты, 1000-ға жуық дәріс, 1200-ден аса ата-аналар жиналысы өткізілді. Оларға 89489 оқушы, 50 000 ата-ана қатысты. Сонымен қатар «Жас жол инспекторлары» жасақтарының жұмысын жетілдіру және балалардың жол-көлік жарақаттануының профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру мақсатында білім беру ұйымдарында «Жас жол инспекторлары» республикалық слетінің мектепішілік және аудандық кезеңдері өткізілуде. |
|
||||||||||||
|
|
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ |
||||||||||||||||
|
63. |
Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру: 2024 ж. – 100%; 2025 ж. – 100%; 2026 ж. – 100%; 2027 ж. – 100%; 2028 ж. – 100%, 2029 ж. – 100%;
|
2024-2029 жж. |
Аудан, қала әкімдіктері Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академися
|
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 25.09.2025 жылғы №123 бұйрығына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы барлық білім беру ұйымдарында, оның ішінде жекеменшік білім беру ұйымдарына енгізіліп, іске асырылуда. Барлық білім беру ұйымдарында, оның ішінде жекеменшік білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылынан бастап мүдделі мемлекеттік органдармен бірлестікте «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында жылдық жоспарлары бекітілді. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары пән мазмұнына, сынып сағаттары мен сыныптан тыс тәрбие шараларына жүйелі түрде интегранцияланған. Білім беру ұйымдарында «Наурызнама» тұжырымдамасына сәйкес наурыз мерекесіне орай, т.б. шаралар өткізіліп, оған 100000-нан астам оқушы қатысты. Сонымен қатар сабақтан тыс уақытта және каникул кезінде мектептерде үйірмелер мен секциялар жұмыс істеп, қосымша шаралар өткізіледі. |
|
||||||||||||
|
64. |
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиет сатып алу (жергілікті бюджет есебінен): 2023 ж. – 150 000 дана; 2024 ж. – 160 000 дана; 2025 ж. – 180 000 дана; 2026 ж. – 180 000 дана; 2027 ж. – 200 000 дана. |
2023-2027 жж. |
Білім басқармасы «Ұлттық зерттеу және білімді бағалау орталығы» АҚ |
2026-2027 оқу жылына оқулықтар мен көркем әдебиет сатып алу үшін 4 млрд.тг. қаржы бөлінді. 2026 жылғы маусым айында сатып алу жұмыстары жүргізіледі. |
|
||||||||||||
|
65. |
Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бойынша жобаны іске асыру. Көркем және ғылыми-фантастикалық әдебиеттің 100 мың данасын сатып алу: 2023 ж. – 25 000 дана; 2024 ж. – 40 000 дана; 2025 ж. – 50 000 дана; 2026 ж. – 50 000 дана; 2027 ж. – 50 000 дана. |
|
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы «Ұлттық зерттеу және білімді бағалау орталығы» АҚ |
2026 жылы маусым айында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында көркем әдебиеттер сатып алынатын болады. Жоспарланған 50 мың дана көркем әдебиет сатып алу орындалады. |
|
||||||||||||
|
66. |
Балаларды қосымша білім берумен қамтуды арттыру: 2023 ж. – 80,0%, 2024 ж. – 83,0%, 2025 ж. – 88,0%, 2026 ж. – 92,0%, 2027 ж. – 93,0%. |
2023-2027 жж. |
Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Дене шынықтыру және спорт басқармасы Білім басқармасы |
Балаларға қосымша білім беру қызметі қосымша және орта білім беру ұйымдарында іске асырылады. Қосымша біліммен 194 558 оқушының 175424-і (90%) (2024 жылы-85%) қамтылды, оның ішінде: 141 қосымша білім беру ұйымдарында – 67 681 (38,5%), мектеп жанындағы 1422 шығармашылық үйірме мен 2180 спорттық секцияда - 107 433 (61,2%) оқушы қамтылды. 141 қосымша білім беру ұйымдарының 40-ы мемлекеттік (2024ж-38 ұйым), бала саны – 47686, 101-і жекеменшік (2024-79 ұйым), бала саны – 14 624 бала (ҰББДҚ тіркелгені). Оның ішінде: қалада орналасқаны 85, бала саны - 43 316, ауылда 56, бала саны - 19 294. |
|
||||||||||||
|
67. |
Спортпен айналысу үшін жағдай (спорт залдары және спорттық жабдықтар) жасаған ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының үлесін артыру: 2023 ж. – 97 %, 2024 ж. – 98 %, 2025 ж. – 99 %; 2026 ж. – 100% |
2023-2026 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы |
Облыс бойынша 160 мемлекеттік мектепте (97%), 204 спортзал бар. Олардың барлығы құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. |
|
||||||||||||
|
68. |
Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру: 2023 ж. – 5 000 орын; 2024 ж. – 5 050 орын; 2025 ж. – 5 075 орын; 2026 ж. – 5 100 орын; 2027 ж. – 5 150 орын; 2028 ж. – 5 200 орын. 2029 ж. – 5 250 орын. |
2023-2029 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті |
Маңғыстау облысы әкімдігінің «2025 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 6000 балаға (2024 ж. – 5500, 2023 ж. -5000) 7 бағыт бойынша (Ғылыми-техникалық, туризм және өлкетану, экологиялық-биологиялық, көркемдік-эстетикалық, әлеуметтік-педагогикалық, гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары) мемлекеттік тапсырыс орнатылды. Бұл тапсырыс Zerek.edu.kz платформасы арқылы жүзеге асырылды. 2026 жылыда 6000 балаға қосымша білім алуға жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда қаулы жобасы дайындалуда. |
|
||||||||||||
|
69. |
Азаматтық пен патриотизм деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған қоғамдық қызметке, оның ішінде оқушылардың өзін-өзі басқаруы және пікірталас қозғалысы арқылы тартылған білім алушылардың үлесі: 2023 ж. – 35 000 оқушы; 2024 ж. – 40 000 оқушы; 2025 ж. – 45 000 оқушы; 2026 ж. – 50 000 оқушы; 2027 ж. – 55 000 оқушы;
|
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Жастар саясаты мәселелері басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті |
Бақылауда Қазіргі таңда 151 мектеп парламенті, оның ішінде ауылдық жерлерде 95, оған 30574 оқушы қамтылды. 2025 – 2026 оқу жылына арналған «Өзін – өзі басқару» ұйымының іс – шаралар жоспарына сәйкес, білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында 3550 – ге жуық кездесу, семинар, акция, сайыс, шығармашылық кеш, жобалар өткізіліп, 15000– ға жуық оқушы қамтылды. Қазіргі таңда 151 дебат клубы, оның ішінде ауылдық жерлерде 95, оған 28974 оқушы қамтылған. Дебат қозғалысын дамыту мақсатында аудандық, қалалық және облыстық деңгейде 5230 – дан астам ауқымды іс-шара өткізіліп, оған 15765 оқушы қамтылды. Өңірімізде 7 аудан, қала мен 3 облыстық мектептің дебат қозғалысының координаторлары бекітіліп, 2025 – 2026 оқу жылына арналған Пікірсайыс қозғалысын дамытудың іс – шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жүргізілуде. |
|
||||||||||||
|
70. |
Қосымша білім беру педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарымен қамту: 2023 ж. – 175 қатысушы 2024 ж. – 200 қатысушы; 2025 ж. – 225 қатысушы. |
2023-2025 жж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті |
Орындалды Маңғыстау облысында 12 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Қосымша білім беру ұйымдарында 565 педагог қызмет атқарады. Соңғы 3 жылда Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бюджет есебінен өткізілген республикалық біліктілік арттыру курстарынан 311 өтті. Алдағы уақытта курстан өту үшін 2025 жылға – 86 педагог жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жыл сайын біліктілік арттыру курстарынан өткен педагогтермен кері байланыс жұмыстары жүргізіліп, вебинарлар өткізіледі. |
|
||||||||||||
|
71. |
Ұлттық өнерді насихаттауда мектептерде «Домбыра – дастан» жобасын іске асыру (әр білім алушы кемінде 10 күйді меңгеріп шығу) 2023 ж. - 14 мың оқушы; 2024 ж. - 15 мың оқушы; 2025 ж. - 16 мың оқушы; 2026 ж. - 17 мың оқушы; 2027 ж. - 18 мың оқушы; 2028 ж. - 19 мың оқушы; 2029 ж. - 20 мың оқушы. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы |
Бақылауда Жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру мақсатында білім беру ұйымдарында 2000-ға жуық баланы қамтыған Домбыра дастан жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар 2026 жылғы 19 наурызда Наурызнаманың жаңару күніне сәйкес облыс бойынша «Күй күмбірі» тақырыбында республикалық домбырашылар акциясы ұйымдастырылды. Акцияға облыс бойынша 5000 білім алушы қатысты. |
|
||||||||||||
|
|
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ |
|
|||||||||||||||
|
72. |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамту (9-сынып бітірушілері): 2023 ж. – 5575 орын (90%); 2024 ж. – 5625 орын (94%); 2025 ж. – 5700 орын (100%).
|
2023-2025 жж. |
Білім басқармасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім, Бюджеттік жоспарлау департаменттері |
Бақылауда 2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысымен 5650 студент қабылдау жоспарлануда. |
|
||||||||||||
|
73. |
ТжКБ ұйымдарында педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру: 2023 ж. – 1000 орын; 2024 ж. – 1050 орын; 2025 ж. – 1100 орын; 2026 ж. – 1150 орын; 2027 ж. – 1200 орын; 2028 ж. – 1250 орын; 2029 ж. – 1300 орын. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім, Бюджеттік жоспарлау департаменттері |
Бақылауда 2026-2027 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс маусым айында басталады. |
|
||||||||||||
|
74. |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша колледждерде кадрларды мақсатты даярлау: 2023 ж. – 550 орын; 2024 ж. – 580 орын; 2025 ж. - 601 орын; 2025 ж. – 630 орын; 2026 ж. – 650 орын; 2027 ж. – 680 орын; 2028 ж. – 700 орын; 2029 ж. - 730 орын. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
Бақылауда 2026-2027 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс маусым айында басталады.
|
|
||||||||||||
|
75. |
Ақтау қаласында 500 орындық демеушілік есебінен 1 студенттік жатақхана салу
|
2023 ж. |
Ақтау қаласының әкімдігі Білім басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Орындалды Жоба 1 жыл мерзімге жоспарланып, 2024 жылдың сәуір айында жатақхананың құрылысы пайдалануға беріліп, көрсеткіш толық орындалды. |
|
||||||||||||
|
76. |
6 колледжде ағымдағы жөндеу жүргізу: 2023 ж. - 2 нысан; 2024 ж. - 2 нысан; 2025 ж. – 2 нысан.
|
2023-2025 жж. |
Білім басқармасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
|
Орындалды Жоба 2 жыл мерзімге жоспарланып, 6 нысанға толықтай ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, көрсеткіш толық орындалды. |
|
||||||||||||
|
77. |
ТжКБ ұйымдардың материалдық-техникалық базасын, оның ішінде жеке меншік инвестиция есебінен нығайту: 2023 ж. - 1 колледж; 2024 ж. - 1 колледж; 2025 ж. - 1 колледж; 2026 ж. - 1 колледж; 2027 ж. - 1 колледж; 2028 ж. - 1 колледж; 2029 ж. - 1 колледж.
|
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
Бақылауда ТжКБ ұйымдардың материалдық-техникалық базасын, оның ішінде жеке меншік инвестиция есебінен нығайту бойынша «Самұрық Қазына» АҚ-мен жұмыстар жүргізілуде. |
|
||||||||||||
|
78. |
Пилоттық жоба режимінде жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін ТжКБ ұйымдарындағы жұмысшы біліктілігі бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу: 2023-2025 ж.ж - 75 білім алушы; 2026-2029 ж.ж - 150 білім алушы.
|
2023-2029 жж. |
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ |
Пилоттық жоба тоқтатылды. |
|
||||||||||||
|
79. |
ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне WorldSkills бағалау жүйесін енгізген колледждердің үлесі: 2023 ж.– 60%; 2024 ж. – 80%; 2025 ж. – 100%.
|
2023-2025 жж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ |
Орындалды Жоба 2 жыл мерзімге жоспарланып, ол бойынша жұмыстар жасалып, көрсеткіш толық орындалды. |
|
||||||||||||
|
80. |
Ұлттық өнер түрлері бойынша «DalaSklills» чемпионатын өткізу |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ |
Бақылауда Аталған чемпионат биылғы жылғы 12-16 мамыр аралығында өңірде өткізу жоспарлануда. |
|
||||||||||||
|
81. |
Жергілікті атқарушы органдарда көзделген қаражат шеңберінде колледждерде білім алушылардың академиялық ұтқырлығын енгізу: 2025 ж. – 10 білім алушы; 2026 ж. – 25 білім алушы; 2027 ж. – 35 білім алушы. 2028 ж. – 50 білім алушы; 2029 ж. – 70 білім алушы.
|
2025-2029 жж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ |
Бақылауда 2026 жылғы 6 сәуір күні Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі академиялық ұтқырлық аясында 4 студент, 1 жетекші Франция елінен энергетика бағытында тәжірбие алмасуға келді.
|
|
||||||||||||
|
82. |
ТжКБ ұйымдары педагогтерін біліктілік арттыру курстарымен қамту: 2023 ж. - 465 педагог; 2024 ж. - 200 педагог; 2025 ж. - 200 педагог; 2026 ж. - 460 педагог; 2027 ж. - 200 педагог; 2028 ж. - 200 педагог; 2029 ж. – 460 педагог. |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ «НЗМ» АҚ |
Бақылауда 2026 жылы ТжКБ ұйымдары педагогтерін біліктілік арттыру курстарын болжам бойынша 217 педагог мамыр айында өту жоспарлануда. |
|
||||||||||||
|
83. |
ТжКБ ұйымдарының басшылары мен орынбасарларын менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқыту: 2023 ж. – 64 басшы; 2024 ж. – 15 басшы; 2025 ж. – 15 басшы; 2026 ж. – 64 басшы; 2027 ж. – 15 басшы.
|
2023-2027 жж. |
Білім басқармасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ |
Бақылауда 2026 жылдың маусым айынан бастап 5 басшы, 16 орынбасарларын біліктілікті арттыру курстарынан өткізу жоспарлануда. |
|
||||||||||||
|
84. |
ТЖКБ ұйымдары басшыларының кадрлық резервін құру 2023 ж. – 2 басшы; 2024 ж. – 2 басшы; 2025 ж. – 2 басшы ; 2026 ж. – 3 басшы; 2027 ж. – 3 басшы. |
2023-2027 жж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ |
Бақылауда Екі ТЖКБ ұйымдары басшыларының кадрлық резервіне жоспар жасақталды.
|
|
||||||||||||
|
85. |
ТжКБ ұйымдарына педагог қызметіне өндірістен мамандарды тарту (арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің жалпы санынан,%): 2023 ж.– 38 (10,1%); 2024 ж. – 41 (12,1%); 2025 ж. – 46 (13,5%); 2026 ж.– 48 (13,8%); 2027 ж. – 50 (14,2%); 2028 ж. – 53 (14,6%); 2029 ж. – 56 (15%).
|
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша)) |
Бақылауда Өңірімізде 25 ТжКБ ұйымдарында 501 арнайы пән оқытушысы және өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді. Оның 47-і (9,3%) өндірістен тартылған мамандар.
|
|
||||||||||||
|
86. |
ТжКБ ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитын студенттердің дуалды оқыту жүйесімен қамтылу үлесі: 2023 ж.– 25%; 2024 ж. – 28%; 2025 ж. – 35%; 2026 ж. – 38%; 2027 ж. – 39%; 2028 ж. – 39,5%; 2029 ж. – 40%.
|
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
Бақылауда 2025-2026 оқу жылында 77 біліктілік бойынша 258 кәсіпорынмен меморандум аясында 5957 студент дуальды оқытумен қамтылды. Келесі оқу жылына тамыз айында тұжырымдама бойынша әрі қарай жұмыс жоспарланады.
|
|
||||||||||||
|
87. |
Халықаралық салалық талаптарға (стандарттарға) сәйкес құзыреттілік орталығын құру (Маңғыстау туризм колледжі) 2025 ж. – 1. |
2025 ж. |
Білім басқармасы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ |
Орындалды Жоба 1 жыл мерзімге жоспарланып, ол бойынша 2025 жылы 2 колледж салалық халықаралық аккредиттеуден өтті, көрсеткіш толық орындалды.
|
|
||||||||||||
|
88. |
ТжКБ ұйымдарында шағын кәсіпорындар құру арқылы коммерцияландыруды дамыту: 2023 ж. – 1; 2024 ж. – 1; 2025 ж. – 1; 2026 ж. – 3; 2027 ж. – 3.
|
2023-2027 жж. |
Білім басқармасы
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
Тоқтатылды Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жүргізген мониторинг нәтижесі бойынша тоқтатылды. |
|
||||||||||||
|
89. |
Студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту үшін ТжКБ ұйымдарының жанынан бизнес-инкубаторлар құру: 2024 ж. – 1; 2025 ж. – 1; 2026 ж. – 1; 2027 ж. – 1.
|
2024-2027 жж. |
Білім басқармасы
Жастар саясаты мәселелері басқармасы
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
Тоқтатылды Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жүргізген мониторинг нәтижесі бойынша тоқтатылды. |
|
||||||||||||
|
90. |
Өзінің жеке кәсібін ашқан студенттер саны: 2023 ж.– 12; 2024 ж. – 18; 2025 ж. – 22; 2026 ж. – 28; 2027 ж. – 31; 2028 ж. – 35; 2029 ж. – 40.
|
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы
Жастар саясаты мәселелері басқармасы
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
2026 Жылдың І тоқсаны бойынша «Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық колледжі бойынша жеке кәсібін ашқан түлектер - Изимов Арыстан Беркинович «Delicious food aktau» ЖК (тағам өндірісі); - Ондасынова Ырысжан Нурлановна «YRYS» ЖК (тігін өндірісі); Алиева Хаяла Давудкызы «Алиева» ЖК Оқу орталығы «Хаял» - Османов Расул «Османов» ЖК (Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау) - Амин Нұралы Компания «Амиржанов» ЖК Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау - Абдіғали Ақылбек ABDYGALI ЖК Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау
|
|
||||||||||||
|
91. |
ТжКБ ұйымдары түлектерінің жұмысқа орналасу үлесі: 2023 ж. – 70%; 2024 ж. – 72%; 2025 ж. – 75%; 2026 ж. – 75 %; 2027 ж. – 77%; 2028 ж. – 78%; 2029 ж – 80%. |
2023-2029 жж. |
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Білім басқармасы
Жастар саясаты мәселелері басқармасы
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) |
Бақылауда 2026 жылы 5456 түлек оқуын аяқтайды деп күтілуде.
|
|
||||||||||||
|
|
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ |
|
|||||||||||||||
|
92. |
Маңғыстау облысының құқық қорғау және мемлекеттік органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум (Маңғыстау облысының прокуратурасы, Маңғыстау облысының әкімдігі және Маңғыстау облысының полиция департаменті) аясында 145 мектепке бекітілген Прокуратура және полиция қызметкерлерімен бірлесе ақпараттық, құқықтық шаралар ұйымдастыру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Облыстық прокуратура Полиция департаменті |
Бақылауда Маңғыстау облысының құқық қорғау және мемлекеттік органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес мектептерге прокуратура, полиция қызметкерлері бекітілді. Өңірімізде жасөспірімдер мен өзге де құқықбұзушылық тәуекелдері туралы ескерту, алдын алу және азаматтарға құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «QR - профилактика» жобасы іске асырылып, прокуратураның сенім телефоны мен мобильді топ тізімі көрсетілген. Барлық білім беру ұйымдарында буллингтің, зорлық-зомбылықтың және суицидтің алдын-алу, балалардың қауіпсіздігі жадынамалар шығарылып, білім беру ұйымдарының сайттарында, әлеуметтік желілерінде жарияланды. |
|
||||||||||||
|
93. |
Білім беру ұйымдарының басшыларымен, педагог қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша ай сайын семинарлар өткізу, арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерге жариялау |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Бақылауда 2026 жылдың 08 сәуір күні Қазақстан Республикасы қызмет істері агеттігінің Маңғыстау облысының департаментінің басшысы Т.Жұмағұловпен бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша жиналыс өткізу жоспарланды.
|
|
||||||||||||
|
94. |
Білім беру ұйымдары басшыларының қамқоршылық кеңес, педагогтер мен ата-аналар ұжымы алдында білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын жұмсау бойынша тоқсан сайын есепті кездесулерін өткізу |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Бақылауда Білім беру ұйымдары басшыларының қамқоршылық кеңес, педагогтер мен ата-аналар ұжымы алдында білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаржы қаражатын жұмсау бойынша есеп беру кездесулерін тоқсан сайын өткізіп, сайттарына жарияланып тұрады. |
|
||||||||||||
|
95. |
Білім саласы басшылары, ұстаздары және ата-аналарымен жиналыс өткізу барысында заңсыз ақшалай қаражат жинаудың алдын алу мақсатында НҚА таныстыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Бақылауда 2026 жылғы наурыз айының мейрамдары қарсаңында білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда және Заң талаптарын сақтау мақсатында Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 2 наурыздағы 80нқ бұйырғы негізінде білім беру ұжымдарына және ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізілді |
|
||||||||||||
|
96. |
Білім беру ұйымдарының фоелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық стендтерді әзірлеу және жаңарту
|
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы |
Бақылауда Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық стендтер әзірленді және жаңартылды.
|
|
||||||||||||
|
97. |
Білім беру ұйымдарындағы «Adal urpaq» ерікті клубтары мен «SANALY urpaq» студенттік клубтарының қызметіне мониторинг жүргізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Бақылауда Облыстағы 112 жалпы білім беру ұйымында жастарды парасаттылыққа, жауапкершілікке және қоғамға пайдалы азамат болуға тәрбиелеу мақсатында «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды, оған 1982 оқушы тартылған. «Адал ұрпақ» клубының жұмысы білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасатты мінез-құлық үлгілерін таныту, құқық бұзушылық пен әділетсіздікке қарсы күресу сияқты мәселелерді шешуге бағытталған. Клуб мүшелері іс-шаралар жоспарына сәйкес, адалдықты сақтай отырып, мектеп пен қоғамда түрлі әлеуметтік жобалар мен шаралар ұйымдастырады. Ағымдағы жылдың қаңтар айында өткізілген шараларға 3787-дей оқушы қатысты. Маңғыстау облысында 25 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында жастардың бойында рухани - адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие мен өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «SANALY URPAQ» клубы мүшелерінің облыстық слеті ұйымдастырылады. Колледждерден 120 студенттер, 25 ұйымдастырушы педагогтер, 25 басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары «SANALY URPAQ» клуб мүшелерінде жұмыс жасайды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және қарсы күрес жұмыстарын жүргізу барысында тәрбие, адал сағаттары және дөңгелек үстелдер мен кездесулер өткізіледі. |
|
||||||||||||
|
98. |
Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау жөніндегі республикалық кең ауқымды акцияларға қатысу |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Уақытында қатысу жоспарланды |
|
||||||||||||
|
99. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде арнайы іс-шаралар жоспарын бекіту |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Бақылауда Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау уақытылы жүргізіледі, сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде арнайы іс-шаралар жоспарын бекітілді. |
|
||||||||||||
|
100. |
Білім басқармасының ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімін өзектендіру |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы |
Бақылауда Білім басқармасының ресми интернет ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттар жарияланып отырады (сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/documents/details/796504?lang=kk |
|
||||||||||||
|
101. |
Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінің TEDx форматында әртүрлі салаларда жетістікке жеткен спикерлерді шақыра отырып кездесулер өткізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Бақылауда Маңғыстау облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында колледж педагогтері мен студенттерінің қатысуымен TEDx форматындағы кездесулер өтті. Облыстық семинарларда «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын іске асыру және колледждерге медиация жобасын енгізу мәселелері талқыланды. Спикерлер қатарында білім, құқық қорғау,сот, дін және қоғамдық ұйым өкілдері болды. Жалпы 200-ге жуық студент, 100 педагог және 30 қонақ қатысты. |
|
||||||||||||
|
102. |
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер жұмысына мониторинг жүргізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы |
Бақылауда 2026 жылдың ақпан айында мектептердің қамқоршылық кеңестерінің жұмысына зерделеу жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде кемшіліктер анықталған жоқ. |
|
||||||||||||
|
103. |
Агенттіктің аумақтық департаменті өкілінің білім беру саласы қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз кеңесінде кездесуі, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Бақылауда Білім беру саласы қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз кеңесінде Қазақстан Республикасы қызмет істері агеттігінің Маңғыстау облысының департаментінің басшысы Т.Жұмағұловпен кездесу ұйымдастырылады және білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне уақытылы жарияланатын болады |
|
||||||||||||
|
104. |
Адалдық пен Академиялық адалдық мәселелеріне арналған "Адалдық сағаты" бірыңғай сағатын өткізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау |
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Бақылауда 2026 жылғы маусым айында «Саналы ұрпақ» тақырыбында облыстық семинар өткізу жоспарлануда |
|
||||||||||||
|
105. |
Республика күніне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта оқушылар мен студенттер арасында дебат турнирін өткізу, білім саласының арнайы интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне жариялау
|
2023-2029 жж. |
Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті |
Бақылауда Аудандық, қалалық және облыстық деңгейде 9 дебат өткізіліп, оған 150 оқушы қатысты. Өңірімізде 7 аудан, қала мен 3 облыстық мектепте дебат қозғалысының координаторлары бекітіліп, 2024 – 2025 оқу жылына арналған Пікірсайыс қозғалысын дамытудың іс – шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жүргізілуде.
|
|
||||||||||||