
Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру - өскелең ұрпақтың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген дүниетанымын, азаматтық белсенділігін, отансүйгіштік сезімін, жауапкершілігін қалыптастыруға баса мән беріледі.
Келесі негізгі міндеттер жүзеге асырылады:
білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын арттыру және бірыңғай тәрбие тұжырымдамасын енгізу;
балалар мен жасөспірімдер арасында азаматтық, рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру жүйесін жетілдіру;
қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейту және балалардың шығармашылық, зияткерлік, техникалық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;
оқушылардың өзін-өзі басқару, дебаттық қозғалыс, волонтерлік, жасөспірімдер ұйымдары арқылы белсенділік танытуына қолдау көрсету;
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, буллинг пен девиантты мінез-құлықтың алдын алу шараларын үйлестіру;
балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру, инклюзивті демалыс мүмкіндіктерін кеңейту;
халықаралық ынтымақтастық пен тәрбие жұмысының үздік тәжірибелерін енгізу.
Бұл жұмыстар білім алушылардың жан-жақты дамуына, елжанды әрі жауапты азамат болып қалыптасуына бағытталған.