
Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) бөлімінің қызметі
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына жинақтайды. Колледждерден мемлекеттік тапсырысқа берілген сұраныстар бойынша мемлекеттік қөрсетілетін қызметті жүзеге асырады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларлды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша облыс әкімдігінің қаулыларын, өкімдерін дайындайды. Оқу орындарының жаңа типтерін құру және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту бойынша колледждердің эксперименталды жұмыстарының қызметін үйлестіреді. ТжКБ ұйымдарында электрондық құжат айналымы (электрондық журнал толтырысы) және ҰБДҚ сапалы толтырылуы бойынша мониторинг жүргізеді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім алушылардың контингентіне ай сайын мониторинг жүргізеді. Колледж жанынан құрылған құзіреттілік орталықтарының жұмыстарын үйлестіреді. Колледждерге академиялық дербестік беру, кәсібилендіру (профилизация) бағытындағы жұмыстарды үйлестіреді. Колледж студенттерінің жатақхана орналасуы жөнінде жұмыстарды қамтамасыз етеді. Дуальды оқыту жүйесі және ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне WorldSkills бағалау жүйесін енгізу бойынша мелекеттік колледждерде демонстрациялық емтихан өткізілуін қадағалайды. Колледжішілік, өңірлік, республикалық WorldSkills чемпионаттарының жұмысын үйлестіреді. ТжКБ өкілдерімен мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырады.