«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы 2026 жылға арналған жоспарлар мен міндеттер туралы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Сәбит Дүйсекенов айтып берді. Ол өңірде көгалдандыруды күшейту, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылатынын атап өтті.
Экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасына сәйкес облыс бойынша 2029 жылға дейінгі өңірлік іс-қимыл жоспары бекітіліп, 43 іс-шара көзделген.