Меню

Страницы

Статья

«Ақтау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарлама

«Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақтау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жобаның атауы: «Ақтау қаласын көгалдандыру».

Жобаны іске асыру саласы: табиғат пайдалану

Жобаның мақсаты:

- Ақтау қаласының бірыңғай жасыл қорын кеңейту;

- Ақтау қаласында көгалдандырылған аумақтарды дамыту;

- Жасыл желектердің өсуі үшін қолайлы жағдай жасау, қала аумағына қолайлы түр беру;

- Ағаштардың өсуіне қолайлы жағдайлар жасау, құрғақ бұтақтардың құлау санын азайту, ескі жастағы ағаштардың өмірін ұзарту, жаңа тәждер жасау;

- Жасыл желектерді, көгалдар мен гүлзарларды сумен қамтамасыз ету үшін суару жүйелері мен станциялардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында суару жүйесін ұстау және қызмет көрсету, сондай-ақ суару-жуу машиналары мен су тасығыштарға құю;

- Таза ауада тұрғындардың бос уақытын өткізу үшін жағдай жасау.

Жобаның құны:6 932 020 мың.тг.

МЖӘ жобасын іске асыру орны: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

Жеке әріптестерді анықтау тәсілі: Конкурс(«МЖӘ турал» ҚР Заңының 35-бабы).

Жобаны іске асырудың басталу мерзімі: 2022 жыл.

МЖӘ шартының жалпы мерзімі - 5 жыл 9 ай.

МЖӘ жобасының негізгі параметрлері мен талаптары:

Ақтау қаласын көгалдандыру жобасы жасыл желектерге күтім жасауды, сондай-ақ ағаштар, бұталар, гүлзарлар отырғызуды және кейіннен күтім жасауды көздейді.

Конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,            14 шағынаудан, 1 үй, 2 қабат, №247 - кабинет мекенжайы бойыншасағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-18.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) алуға болады.

Конкурстық құжаттама осы конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап сұрау салу бойынша беріледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер мыналарды ұсынуы қажет:

- 2022 жылғы 18сәуір сағат 16.00-ге дейін жобаның конкурстық құжаттамасына сәйкес конкурстық өтінімді;

- 2022 жылғы 18сәуірсағат 16.00-ге дейін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар, оның негізінде «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.

Байланыстағы тұлғалар:

«МаңғыстауоблысыныңТабиғиресурстаржәнетабиғатпайдаланудыреттеубасқармасы» ММ «Табиғатқорғаужобалары» бөлімі

 

Жұмыс тел.: 8 (7292) 43-10-88

 

Электрондықпошта: moup@mangystau.gov.kz

Дата публикации
08 апреля 2022
Дата обновления
08 апреля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
13 августа 2024
Программа работ по разработке проекта целевых показателей качества окружающей среды Мангистауской области
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
26 сентября 2023
Қоғамдық тыңдаулар

Социальные медиа

priroda_mangystau
Маңғыстау Табиғаты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы