Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 «Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 «Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

         Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №53 «Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №2658 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «2. Көрсетілген «Тасорпа», «Жабайұшқан», «Адамтас», «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалдары Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына және «Көлеңкелі», «Есет» мемлекеттік табиғи қаумалдары  «Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына берілсін».

  1. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Маңғыстау облысының әкімі                                            Н. Ноғаев

Дата публикации
17 января 2022
Дата обновления
17 января 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
13 августа 2024
Программа работ по разработке проекта целевых показателей качества окружающей среды Мангистауской области
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
26 сентября 2023
Қоғамдық тыңдаулар

Социальные медиа

priroda_mangystau
Маңғыстау Табиғаты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы