Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, 130400, Шетпе селосы, «Мақаш» ш/а, № 48 ғимарат.  Анықтама телефоны: 8 72931 2-16-16, электрондық мекен-жайы: kizilsai.kizilsai@mail.ru  
 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
3) мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
 
Лауазымдық міндеттері: 
Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымның өндірістік шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Қабылданатын шешімдердің зардаптары, ұйым мүлкінің аман сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауаптылықта болады.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасады, мәмілелер, операциялар жасайды, өкімдер, бұйрықтар шығарады және барлық қызметкерлер үшін міндетті нұсқаулар береді, жоғары тұрған ұйым тағайындайтын қызметкерлерден басқа қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды, қызметкерлерге көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады.
Жануарлар дүниесін, табиғи кешендерді және табиғи-қорық қорының басқа объектілерін қорғауды, күзетуді, молықтыруды қамтамасыз етуді, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі ресурстарын мемлекеттік реттеуді және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оларды қорғауға, күзетуге, молықтыруға және пайдалануға мемлекеттік бақылау жасайды.
Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысы мен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін жануарлар дүниесі мен табиғи кешендерді және табиғи қорық қорының басқа да объектілерін қорғау, күзету, молықтыру жөніндегі қызметті дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, банк алдындағы міндеттемелерді ұйымның орындауын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісім-шарттардың) бизнес-жоспарлар көрсеткіштерінің орындауын қамтамасыз етеді.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, ұтымды пайдалану және олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын, ұжымда жайлы психологиялық ахуал құру жөнінде шаралар қолданады.
Еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің бойында бастамашылық пен белсенділікті дамытуға жәрдемдеседі. Басқа лауазымды тұлғаларға: директордың орынбасарына, филиалдардың басшыларына, мамандарға, қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады.
Сотта, төрелік сотта, мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда ұйымның мүліктік және басқа мүдделерін қорғайды.
 
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Қазақстан Республикасының Жер Кодексін, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Экология Кодексін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы», Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ «Құқықтық актілер туралы», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін.
 
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
 
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
 
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн өткеннен кейін аяқталады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында өткізеді.
 
Конкурстың өткізілетін орны:
Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй, 2 қабаттағы конференц залы, анықтама телефоны: 8 7292 43-10-88, электрондық мекен-жайы: moup@mangystau.gov.kz 
 
Дата публикации
14 октября 2021
Дата обновления
14 октября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
13 августа 2024
Программа работ по разработке проекта целевых показателей качества окружающей среды Мангистауской области
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
26 сентября 2023
Қоғамдық тыңдаулар

Социальные медиа

priroda_mangystau
Маңғыстау Табиғаты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы