Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысы әкімдігінің «Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы әкімдігінің «Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» 2008 жылғы 20 наурыздағы  № 181 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2009 болып тіркелген) келесідей  өзгерістер енгізілсін:

            тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

          «Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы»;

көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1,2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Маңғыстау облысы әкімі                                                    Н. Ноғаев

 

 

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурызындағы №181 қаулысына 1-қосымша

 

Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу

 

 «Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылында және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін құру» бекітілген жобалық құжаттамасына сәйкес белгіленеді:

Ақтау қаласының аумағында су қорғау аймақтарының көлемі мен шекаралары бекітілген бас жоспарға сәйкес жоспарлау мен құрылыс салудың нақты шарттары тұрғысынан белгіленді.

Каспий теңізінің жағалауындағы Ақтау қаласының аумағы бойынша ұзындығы 96,0 шақырым су қорғау аймағының еніне, соңғы он жылдағы теңіздің орташа көпжылдық деңгейінің, белгісінен минус 27,0 метрге тең белгісінен Қазақстан Республикасы Президенті даңғылының, Строительная көшесінің шекарасына дейін және одан әрі асфальтталған жолымен Өмірзақ ауылына дейінгі аралық қабылданады.

Ерекше құнды балық шаруашылығы маңызы бар Ақтау қаласы аумағының теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, іргелес жерлердің еңісі мен сипатына қарамастан кемінде 100 м қабылданады.

Ақтау қаласында нөсер кәрізі мен жағалауы болған кезде су қорғау белдеуінің шекарасы жағалау парапетімен біріктіріледі.

  1. Каспий теңізінің жағалауындағы су қорғау аймағының еніне, соңғы он жылдағы теңіздің орташа көпжылдық деңгейінің, минус 27,0 метрге тең белгісінен Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының аумағы бойынша ұзындығы 38,5 шақырым, Құрық ауылы ұзындығы 61,0 шақырым және Қарақия ауданынан 2000 метр Кендірлі демалыс аймағында ұзындығы 89,0 шақырым қабылданады.

Форт - Шевченко қаласы, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағы аумағының теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде, Түпқараған ауданының Аташ, Баутино шығанағы теңіз мұнай операциялары базасының төгінді алаңындағы ұзындығы 1,12 шақырым Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау белдеуінен басқа, іргелес жатқан жерлердің ені мен сипатына қарамастан, кемінде 100 метр етіп қабылданады.

Түпқараған ауданының Баутино шығанағындағы Аташ мұнай операциялары базасының төгінді алаңындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің шекарасы, Аташ базасы алаңының шекарасындағы парапетпен біріктіріледі және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің бұрыннан бар басты қисық шекарасымен ұштастырылады.

Форт-Шевченко қаласы, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағы аумағының теңіз учаскелері үшін іргелес жатқан жерлердің еңісі мен сипатына қарамастан, аса бағалы балық шаруашылығы маңызы бар су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттамалар негізінде Каспий теңізінің жағалауындағы ұзындығы 1,369 шақырым су қорғау белдеулерінен басқа, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино ауылының Түпқараған шығанағының Шығыс жағалауындағы теңіз мұнай кен орындарын жайластыру үшін металл конструкциялары зауытын орналастыруға арналған төгінді өндірістік алаңында және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино ауылының теңіз мұнай операцияларын қолдау базасының 1,61 шақырым төгінді алаңында кемінде 100 метр етіп қабылданады.

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданындағы Түпқараған шығанағының Шығыс жағалауындағы төгінді өндірістік алаңдағы теңіз учаскелері үшін теңіз мұнай кен орындарын жайластыру үшін металл конструкциялары зауытын орналастыруға арналған су қорғау белдеулерінің шекаралары, айлақ қабырғалары жағынан 35 метр, Каспий теңізінің орташа деңгейінен, солтүстік және оңтүстік жағынан 20 метр белгіленеді және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің қолданыстағы шекарасымен тікелей бұрышпен жалғанады.

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино ауылының теңіз мұнай операцияларын қолдаудың төгінді базасындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің шекарасы, айлақ қабырғасы мен парапеттің фронтальды шекарасы бойынша, база алаңының шекараларында және парапет бойынша бүйір еңістерінің бойында Каспий теңізінің орташа деңгейінен 10 метр қашықтықта белгіленеді және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің қолданыстағы шекарасымен жалғанады.

Ақтау, Форт–Шевченко қалаларындағы, Құрық ауылындағы және Кендірлі демалыс аймағындағы ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызды аумақтың теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізінде Каспий теңізінің жағалауындағы ұзындығы 4,075 шақырым су қорғау белдеулерінен басқа, айлақ қабырғасы бар және биіктігі 50 см парапет жайластырылған бұрғылау ерітінділері цехының жасанды жасалған төгілетін өндірістік алаңында және Түпқараған шығанағының солтүстік-батыс жағалауында солтүстік, оңтүстік және шығыс және оңтүстік-шығыс бағытында биіктігі 50 см парапет жайластырыла отырып, жағалауды бекіту құрылыстарын салумен нығайтылған теңіз жағалау сызығымен ұштасатын іргелес жатқан жерлердің еңісі мен сипатына қарамастан, бекітілген жобалық құжаттама негізінде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино ауылы ауданында бұрғылау ерітінділері цехын, теңіз мұнай операцияларын қолдау базасын орналастыруға кемінде 100 метр етіп қабылданады.

Соңғы он жылдағы теңіздің орташа көпжылдық деңгейінің, минус 27,0 метрге тең белгісінен кемінде 35,0 метр болатын су қорғау белдеуін белгілей отырып, солтүстік, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттағы цех алаңының шекарасынан бастап жағалауды бекітетін құрылыстар мен цехтың өндірістік алаңының парапетімен біріктірілген бұрғылау ерітінділері цехының өндірістік алаңы ауданында және теңіз жағалауының жағалау сызығында, цех алаңының шекарасында теңіздің табиғи жағалау сызығынан 100 метр қашықтықта өтетін су қорғау белдеуінің қолданыстағы шекарасы, су қорғау белдеуінің шекарасымен ауыстырылсын.

Ақтау, Форт – Шевченко қалаларындағы, Құрық ауылындағы және Кендірлі демалыс аймағындағы аумақтың теңіз учаскелері үшін ерекше бағалы балық шаруашылығы маңызы бар су қорғау белдеулерінің еніне іргелес жатқан жерлердің ені мен сипатына қарамастан, кемінде 100 метр, ал Ақтау қаласы учаскесіндегі ұзындығы елді мекендерде - 83,0 шақырым (С (4953315;10034132), Д (4862525;10065137) су қорғау белдеуінің шекарасын ауыстыру нүктелерінің координаталары), Форт - Шевченко қаласы - 19,0 шақырым (А (4994790;9985280) В (4993680) су қорғау белдеуі шекарасын ауыстыру нүктелерінің координаттары; 9981590), Құрық селосынан - 12,0 шақырым (Е (4842890; 10079230) су қорғау белдеуінің шекарасын ауыстыру нүктелерінің координаттары F (4838320; 10087670), Кендірлі демалыс аймағында - 7,0 шақырым (Т (4795800;10149610) U (4787830; 10157500) су қорғау белдеуі шекарасын ауыстыру нүктелерінің координаттары) су қорғау белдеуінің ең төменгі еніне, бекітілген жобалық-сметалық құжаттама негізінде     35 метр қабылданады.

Жобалық-сметалық құжаттама негізінде Түпқараған ауданының Баутино ауылындағы теңіз операцияларын қолдау базасы ауданындағы теңіз учаскелері үшін бұрынғы ең төменгі ені 35 метр, ұзындығы 377,32 метр болып бекітілген бұрынғы су қорғау белдеуінің ұзындығы 289,77 метр жер үйіндісі жағынан су қорғау белдеуінің шекарасымен ауыстырылсын (А (х=440772,6; у=4934146,7) нүктесінен Ж (х=440817,5; у=4934419,5) нүктесіне дейін су қорғау белдеуі шекарасын ауыстыру координаталары).

  1. Ауыз сумен жабдықтау, емдеу, курорттық және халықты сауықтырудың өзге мұқтаждары үшiн пайдаланылатын суларды қорғау мақсатында облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi.

Санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық қорғау белдеулерiн белгiлеу тәртiбiн халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.

  1. Су объектiлерiнiң су қорғау белдеулерiндегi жер учаскелерi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын белгіленген талаптарды сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берiлуi мүмкiн.

 

 

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурызындағы №181 қаулысына 2-қосымша

 

Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру шарттары

 

  1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

 1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

 2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;

 3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

 4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

 5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

 6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

 7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

  1. Су қорғау аймақтарының шегінде:

 1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

 3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

 4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

 5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

 6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

 7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

 Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

Дата публикации
20 сентября 2021
Дата обновления
20 сентября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
13 августа 2024
Программа работ по разработке проекта целевых показателей качества окружающей среды Мангистауской области
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
26 сентября 2023
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш

Социальные медиа

priroda_mangystau
Маңғыстау Табиғаты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы