Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 «Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 2658 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
алтыншы абзацтың 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«жалпы алаңы 172 573,2 гектар, оның ішінде: Бейнеу ауданы аумағында 53 587,7 гектар, Маңғыстау ауданы аумағында 118 985,5 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы құрылсын».
Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
«Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 «Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
|
№ п/п |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1 |
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган |
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
|
2 |
Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі |
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 06.04.2021 жылғы №05-27/5602 хаты |
|
3 |
Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
Жобаны іске асыру қаржылық шығындарды талап етпейді |
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. |
|
5 |
Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі |
Жергілікті маңғызы бар «Манашы» мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалының аумағын қысқарту |
|
6 |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
Жоқ |
|
7 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы |
Талап етілмейді |
|
8 |
Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса) |
Өткізілмеген |
|
9 |
Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
Талап етілмейді |
|
10 |
Басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің 05.08.2021 жылғы №KZ83VCY00948511 мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы |
|
11 |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі |
Талап етілмейді |
|
12 |
Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) |
07.09.2021 жыл |
|
13. |
Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады |
Талап етілмейді |
|
14. |
Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат |
Талап етілмейді |
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Д. Құсбеков
«____» _____________ 2020 жыл