«Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсанындағы № 29/435 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39- бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 6 тармағының 2) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешімнің 8 тармағына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешімнің 11-1 тармағының 1) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;
осы шешімнің қосымшасы келесідей абзацтармен толықтырылсын:
«Қарақия ауданы бойынша:
1) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр құрайтын Жыланды жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалау аймақтары;
2) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр құрайтын Тоқмақ жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалай аймақтары;
3) ұзындығы 3500 метр және ені 30 метр құрайтын «Абай» жүзбелі маневрлік базасы аумағынан Саржа бағытына қарай жағалау аймақтары.
Мұнайлы ауданы бойынша:
ұзындығы 380 метр және ені 170 метр құрайтын Батыр ауылдық округінен солтүстік-шығыста 7 км қашықтықта орналасқан уран кеніштері мен қалдықтары бар қауіпті көл аймағы».
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов