Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 171 «Маңғыстау облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 171 «Маңғыстау облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы.

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексіне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 438 «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20782 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі  № 171 «Маңғыстау облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3979 болып тіркелген, 2019 жылғы                       2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей  өзгерістер енгізілсін:

 қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Маңғыстау облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарын белгілеу туралы»;

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар белгіленсін.»;

қосымшада:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Маңғыстау облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындары».

  1. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Д.Т. Құсбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкiмiнiң орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсiн.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Маңғыстау облысының әкімі                    С.Трумов

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
13 августа 2024
Программа работ по разработке проекта целевых показателей качества окружающей среды Мангистауской области
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
26 сентября 2023
Қоғамдық тыңдаулар

Социальные медиа

priroda_mangystau
Маңғыстау Табиғаты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы