Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық тыңдаулар

Қоғамдық тыңдаулар өткізу

      1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру басталғанға дейін немесе жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдауларды өткізу міндетті болып табылады.

      Қоғамдық тыңдаулар мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу процесі басталғанға дейін аяқталған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге арналған өтініш немесе экологиялық рұқсат беруге арналған өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоғамдық тыңдаулардың хаттамасына қол қойылған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей жіберілуге тиіс.

      2. Мемлекеттік экологиялық сараптама шеңберіндегі қоғамдық тыңдаулар қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

      3. Экологиялық рұқсатты беруден бас тарту (осы Кодекстің 87-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда) немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы алынғаннан кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік экологиялық сараптамаға арналған өтініш қайтадан берілген кезде мынадай:

      1) егер қайтадан берілетін өтініште және (немесе) қоса берілетін құжаттарда қоғамдық тыңдауларда бұрын қаралмаған, белгіленіп отырған қызметке осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағында көзделген елеулі өзгерістер болжанған;

      2) егер бұрын өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хаттамасында осындай қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастамаған жұртшылықтың ескертпелері және (немесе) ұсыныстары болған;

      3) егер қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы экология заңнамасының қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібіне қойылатын талаптарының бұзылуына жол берілген жағдайларды қоспағанда, қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу талап етілмейді.

Дата публикации
26 сентября 2023
Дата обновления
26 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 августа 2024
Программа работ по разработке проекта целевых показателей качества окружающей среды Мангистауской области
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
26 сентября 2023
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш

Социальные медиа

priroda_mangystau
Маңғыстау Табиғаты

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы