Күзгі ағаш отырғызу жұмыстарна мониторинг.

Ағымдағы жылғы 20 қаңтарында Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары өткен жылдың күзгі ағаш отырғызу жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында ағаштардың жай күйі бірқалыпты екні және жаңадан отырғызылған 61 ағаш бар екені анықталды.

Ақтау қаласының 4а шағын ауданында Ақбота паркіне қарама қарсы 61 дана үйеңкі егілді.

2025 жылдың 19 желтоқсаныда Грин Сити Актау ЖШС қызметкерлері Ақтау қаласында күзгі ағаш отырғызу жұмыстарын мониторинг жүргізу барысында әлі отырғызылу тиіс 60 тан аса ағаш бар екенін айтқан болатын.

Дата публикации
20 января 2026