Экологиялық кодекске сәйкес Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Маңғыстау облысы елді мекендері үшін шекті жол берілетін шығарындылардың жиынтық томын» бекітті.
Елді мекендер тізіміне: Ақтау, Атамекен, Ақшұқыр, Басқұдық, Батыр, Бейнеу, Дәулет, Жаңаөзен, Жетібай, Құрық, Қызылтөбе, Маңғыстау, Рахат, Теңге, Кендірлі, Шетпе елді мекендері кіреді.
Жиынтық томның жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен келісілді.