"Үлгілі ауыл" облыстық конкурстың өткізілуі туралы

Маңғыстау облысының ауылдық елді мекендері арасында "Үлгілі ауыл" облыстық конкурсы өткізуі туралы.

          1.1  Ереже Маңғыстау облысының қалалар және аудандардағы ауылдар мен кенттер арасындағы  «Үлгілі ауыл» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу мақсаттары мен міндеттерін, тәртібін және қаржыландыруды айқындайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі.

          1.2 Конкурстың мақсаты – ауылдық аумақтарды және халықтың азаматтық белсенділігін дамытуды ынталандыру.

1.3.   Конкурстың міндеттері:

- қоршаған орта мен халық үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған халықтың қоғамдық игілікке ұқыпты қарау қағидаттарын қалыптастыру;

- ауылдық аумақтарды дамыту, елді мекендерде адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы орта қалыптастыру;

- халықтың тұтастығы мен бірлігі, бұқаралық спортты дамыту, тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру және аға буынның белсенділігін арттыру;

- кәсіпкерлерді патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгілерін көрсетуге шақыру;

- өскелең ұрпаққа дұрыс мінез-құлық үлгілерін көрсету, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жаман әдеттердің таралуына қарсы тұру;

- қоғамдағы қылмыстың, зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың алдын алу.

Дата публикации
01 июля 2025