Информация о ходе реализации на местном уровне государственной экологической политики за 2024 год.

Экологиялық мәселелер бойынша анықтама

 «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасы:

Облыстың экологиялық мәселелердің бірі - «Қошқар-Ата» қалдық қоймасы.

Қалдық қойманы рекультивациялау жұмыстары 2007 жылы басталды.

Жобаға сәйкес 4279 га жерді 30 см биіктікте топырақты тығыздау арқылы көму жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Бүгінгі күні, жалпы ауданы 584,2 га болатын радиациялық қауіпті жері қалпына келтірілді.

Алайда, мердігер мекемесімен атқарылып жатқан жұмыстарының экологиялық тиімділігі және мемлекеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуы қоғамды, оның ішінде жергілікті белсенді азаматтарды алаңдатады

Осыған орай, ҚР Үкімет Аппараты қосымша ғылыми зерттеулермен, жобасы бойынша ревизия жүргізу тапсырылды.

Осы себепті жұмыс барлық жағдайларды толық зерттегенге дейін тоқтатылды.

Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап Энергетика министрлігі мен Ұлттық ядролық орталықтың өкілдері «Қошқар Ата» қалдық қоймасының жер учаскелерінің радиоактивті ластануы бойынша зерттеулер жүргізді.

ҚР Ұлттық ядролық орталықтың деректері бойынша топырақпен толтыру қалдық қоймасын қалпына келтірудің тиімді әдісі болып табылмайды. Өйткені, бұл учаскелер қатты радиоактивті қалдықтарға жатпайды, шекті рұқсат етілген шоғырланудан асып кету анықталған жоқ. 

Сонымен қатар, қазіргі таңда қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту, атмосфералық ауаның тазалығын жақсарту мақсатында 2015 жылдан бері 168,2 га учаскеде сексеуілдер отырғызылып, қосымша 2027 жылыға дейін 238,2 гектарға жеткізу жоспарланып тұр. Жобасы дайын. (2024-2027 жылдарға 281,9 млн. тенге).

«Қошқар Ата» қалдық қоймасының айналасын толығымен жасыл желектермен қоршау жоспарлануда.

Ұсыныс: Зерттеу қорытындыларына сәйкес жұмыстар атқару.

Дата публикации
05 июня 2025