Маңғыстау облысы экология Департаменті Қаратурун кен орнындағы ұңғыманың жану фактісі бойынша "Бузачи Нефть" ЖШС-на қатысты жоспардан тыс тексеруді аяқтады.
2023 жылғы 9 маусымда №303 ұңғымада бұрғылау құбырын көтеру кезінде ұзақтығы 200 тәулік болатын табиғи газдың өрті орын алды.
Экология департаментінің мамандары атмосфералық ауаны ластаушы заттардың бар-жоғына бірнеше рет өлшеулер жасады және олардың нәтижелері ауада метанның шамадан тыс мөлшерін көрсетті.
25 желтоқсан 2023 жылы ұңғымадағы өрт сөндірілді.
✅Ағымдағы жылдың қаңтар айында экология департаменті жоспардан тыс тексеру ашты, ол экологиялық заңнама талаптарының бұзылуын анықтады.
✅ Атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының метан бойынша 480 есе, мұнай өнімдері бойынша топырақта 168,13 мг/кг артқаны анықталды.
✅ Берілген рұқсатқа сәйкес ұңғыманы бұрғылау 2024 жылы басталуы керек еді, бірақ 2023 жылдың мамырында басталды.
📌Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға келтірілген экологиялық залалды жою, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін сақтау бойынша ремедиация бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туралы нұсқама берілді.
4 әкімшілік хаттама жасалды. Алдын ала есептеулер бойынша айыппұл 350 млн.теңгеден асады.