асқұдық тұрғындары енді аммиактың иісін сезінбейді, себебі "ҚазАзот" экология департаментінің ҰЙҒАРЫМЫН орындады.
Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Ержан Жұмашев мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2024 жылдың 17 маусымы күні сағат 7:40 шамасында "КазАзот" АҚ САК цехында №3 агрегатта іске қосу жұмыстары кезінде қалыпты технологиялық режимнен ауытқуы салдарынан нитрозды газдың қысқа мерзімді шығарылуы орын алды.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаментімен жоспардан тыс тексеріс тағайындалған болатын. Осыған ұқсас жағдай ағымдағы жылы 2 ақпан күні орын алған болатын. Тексеріс барысында азот оксиді және азот диоксидінің шамадан тыс артуы анықталған.
Биыл «КазАзот» АҚ-на қатысты 2 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесі бойынша ӘҚБтК 328-1 бабы бойынша жалпы сомасы 367 535 теңге айыппұл салынды.
Осыған қоса, анықталған экологиялық заңнама талаптарын бұзу бойынша Департамент тарапынан бұзушылықтарды жою жөнінде ҰЙҒАРЫМ енгізілді.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің НҰСҚАМАСЫНА және «КазАзот» АҚ арасындағы 2021 жылғы МЕМОРАНДУМҒА сәйкес, «Қошкар-Ата» ағызу каналына бағытталған ағын сулар құбырын бөлшектеу (демонтаж) жұмыстары аяқталып, ендігі кезекте зауытта пайда болатын жерасты ағын сулары толықтай қайта өңделіп, өндіріс қажеттілігіне қолданылатын болады.
Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап санитарлық-қорғау аймағының негізгі көздерінде және шекарасында зиянды заттардың шығарындыларын автоматты түрде онлайн бақылау жүйесін енгізді.