Маңғыстау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 257 «Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін, оның ішінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 23615 болып тіркелген) сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Әзірлнген жобалау құжаттамасы негізінде, осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бекітілсін.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.