11 сағат 00 мин. 2024 жылдың 20 наурызында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 34 ш/а, Достық үйінде «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді

Хабарландыру
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ҚР Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасын рекультивациялау - 1 кезең (түзету)» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі:
1) 11 сағат 00 мин. 2024 жылдың 20 наурызында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 34 ш/а, Достық үйі.
«Қошқар-Ата» қалдық қоймасын рекультивациялау жобасы бойынша-І кезең (түзету)» ең жақын тұрғын аймақ (Ақтау қаласы) батыс жағынан қалдық қоймасы аумағынан 7 км қашықтықта орналасқан. Оңтүстік жағынан 8 км қашықтықта (Мұнайлы ауданы) орналасқан.
«Қошқар-Ата» орталығының географиялық координаттары:
Солтүстік ендік Шығыс бойлық
43.745309, 51.196017,
Жауапты ЖАО:
«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, электрондық мекенжайы: 14 ш/а, 1 ғимарат, 243 кабинет, эл. пошта: moup@mangystau.gov.kz, телефон 8-(7292)-46-21-31, ішкі 1210.
Жобаны әзірлеуші:
«Семипалатинскгражданпроект» жобалау институты. БИН 950940001168, Абай облысы. Семей қаласы, Первомайская көшесі, 24А.
Қосымша ақпарат алуга, сондай-ақ көзделіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін мына e-mail бойынша сұратуға болады: sempkpi@yandex.ru, тел.: 8-7222-322-297.
Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында https://ecoportal.kz/, сондай-ақ ЖАО сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-eco/abour?lang=ru танысуға болады.
Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ moup@mangystau.gov.kz поштасына қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме бірыңғай экологиялық порталда және ЖАО сайтында ұсынылатын болады.

Дата публикации
16 февраля 2024