Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидасының 23-тармағына сәйкес, Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында "385 км" кен орындарында құм-қиыршық тас қоспасын өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тау-кен жұмыстарының жоспары " жобасына "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімі бойынша 11.09.2023 ж. жоспарланған қоғамдық тыңдаулар мүдделі жұртшылық өкілдерінің болмауына байланысты өткізілмеді.
Сондай-ақ, қағиданың 26-тармағына сәйкес қоғамдық тыңдаулардың күні 15.09.2023 ж. ауыстырылған болатын. Алайда, мүдделі жұртшылық өкілдерінің қайтадан болмауына байланысты өткізілмеді және қағиданың 30-тармағына сәйкес қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы ұсынылмады.