Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 171 «Маңғыстау облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 171 «Маңғыстау облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3979 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.