Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 «Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы

№ 29/435 «Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 «Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2955 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзуге жол берілмейтін орындарда:

«Түпқараған ауданы бойынша:

4) – тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«4) ұзындығы 3700 метр ені 30 метр құрайтын Форт-Шевченко қаласынан 30 шақырымда орналасқан «Тамшалы»;

«Қарақия ауданы бойынша:

3) – тармақша алынып тасталсын.

«Ақтау қаласы бойынша:

3)  тармақшамен толықтырылсын:

«3) ұзындығы 3800 метр ені 120 метр құрайтын «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» су каналының жағалау аймағы;

  1. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
27 июня 2023