Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125 - баптарына сәйкес, Маңғыстау облысының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
  2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі белгіленсін.
  3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  4. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

НПА кз
Дата публикации
08 июня 2023