Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Сізге Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 125 – бабына сәйкес оператор Басқармаға жыл сайын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті (бұдан әрі-есеп) тапсыратындығын хабарлайды.
Осыған байланысты, «Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы» (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің м. а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығының 17-қосымшасына сәйкес есеп беру қажет.
Сонымен қатар, ІІІ-ІV санаттан І-ІІ санатқа өткен объектілер қолданыстағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы және ӨЭБ бағдарламасы болған жағдайда тоқсан сайын ӨЭБ қағидаларында көзделген жаңа нысандарға сәйкес санат расталған жағдайда есептілікті ұсынады.
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы