Маңғыстау облысының ІІІ және IV санаттағы объектілерінің операторларына!

Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін өздеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары тиісті объектілерді осы Кодекстің ережелеріне сәйкес тиісті санаттарға жатқызу мақсатында 2021 жылғы 10 қыркүйектен кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (Маңғыстау облысының экология департаментіне) өтініш беруге міндетті болатын.

Сонымен қатар, тиісті санаттарды анықтау міндетті екендігін ескертеміз.

2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген және 418-бабының 3-тармағына сәйкес осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап III санаттағы объектілерге жатқызылған объектілердің операторлары ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына ұсынуға міндетті.

IІІ санаттағы объектілерге жатқызылған объектілердің операторлары алған қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың, эмиссиялар нормативтерінің қолданысы – осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация берілген күннен бастап тоқтатылады.

IV санаттағы объектілерге жатқызылған объектілердің операторлары алған қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың, эмиссиялар нормативтерінің қолданысы – 2021 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатылады.

Экологиялық рұқсатты берген орган объект операторының тиісті жазбаша өтінішін алған кезде немесе жаңа экологиялық рұқсат қолданысқа енгізілген күннен бастап экологиялық рұқсаттың күшін жояды.

Рұқсаттың күшін жою туралы жазбаша өтініштерді санатты айқындау туралы құжатты қоса бере отырып, келесі электрондық мекенжайларға жіберуді сұраймыз: moup@mangystau.gov.kz, s.bazarbai@mangystau.gov.kz, a.aglanova@mangystau.gov.kz.

Байланыс нөмірлері: 8(7292)46-21-31 (ішкі1210), +77781139897, +77021837368.

 

 

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

Дата публикации
01 февраля 2023