"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді

Жобаның атауы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ-нің Маңғыстау ауданында орналасқан нысандары үшін 2022-2024 жылдарға арналған жобалар: «Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жол берілетін шекті нормативтерінің жобасы (түзету)», «Қалдықтарды басқару бағдарламасы», «Экологиялық бақылау бағдарламасы», «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары», жобалар құрамына өндірістік бірлестіктің негізгі және қосалқы әрекеттері, сонымен қатар жоспарланған әрекеттер жобалары бойынша технологиялық байланысты жұмыстар/қызметтер кіреді (ұңғымаларды салуға, кен орындарын жайластыруға арналған жұмыс және техникалық жобаларға қоршаған ортаны қорғау бөлімдері).
Қоғамдық тыңдау өткізілетін аймақ Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті
Қоғамдық тыңдауды өткізу күні, уақыты және орны 2022 жылдың қазан айының 27 жұлдызында сағат 11-00 де аудандық әкімшілігінің мәжіліс залында Қоғамдық тыңдаулар өткіземіз, сонымен қатар егерде мәжіліс залы бос болмаған жағдайда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылының мәдениет үйінде өткізіледі.
Карантиндік режим жарияланған жағдайда қоғамдық тыңдау бейнеконференция (Microsoft Teams платформасы) арқылы өтеді. Конференцияның идентификаторы: https://www.mem.llp.kz/images/bnrs/partner_4.png

Тапсырыс берушінің атауы және байланыс деректері Тапсырыс беруші - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Қауіпісіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау департаменті
Құжаттаманы әзірлеушінің атауы және байланыс деректері АҚ «Маңғыстаумұнайгаз» Техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаменті, қоршаған ортаны және парниктік газдарды қорғау қызметі
Аралбаева Г.К. тел. 8/7292/211-966
Жоба бойынша құжаттама орналастырылған жергілікті атқарушы органның интернет -ресурсының мекен-жайы https://ecoportal.kz
Тапсырыс берушінің ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын интернет- ресурстарының немесе электрондық поштасының мекен жайы g.aralbaeva@mmg.kz
Жергілікті атқарушы органның атауы және қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректері Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Жобаларды экологиялық сараптау» бөлімінің бас маманы - Агланова Арайлым
8/7292/ 43-10-88
Ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын жергілікті атқарушы органның электрондық поштасының мекен-жайы moup@mangystau.gov.kz

Дата публикации
16 сентября 2022