Хабарландыру
«Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» ММ, ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, 2022 жылдың қыркүйек айының 12-ші жұлдызында Ақтау қаласы, 4 ш/а, 72 ғимарат (қалалық әкімдік ғимараты), 401 аудитория, мәжіліс залында «Ақтау қаласының негізгі тарату желісімен 20а, 33, 34, 35 жаңа шағынаудандарын жылумен қамтамасыз ету үшін қазандық салу» нысанына ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Жобалық құжаттама пакетін бірыңғай экологиялық порталдан, сондай-ақ https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-eco?lang-ru веб-сайтынан қарап, танысуға болады.
Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ Ақтау қаласы, 14 ш/а Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимараты, 240 кабинетте «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-де (g.tulembet@mangystau.gov.kz, тел. 43-10-88) қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі.
Белсенді сілтеме бірыңғай экологиялық порталда және сайтта ұсынылады https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-eco?lang=nu
Тапсырыс беруші: «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» ММ, Ақтау ықш. 4, 72 ғимарат (қалалық әкімдік ғимараты), тел +7 (7292)33-67 34 05014000905 БСН .
Жобаны әзірлеуші: «АЗИЯ ОТАУ» ЖШС, мекенжайы: Алматы қ облысы, Талғар қаласы, Қазанғап көшесі, 19, 080340009164 БСН.
Ықтимақ әсерлер туралы есепті орындаушы: «ECO LOGISTICS» ЖШС, 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 01696 Р лицензия (3-қосымша), мекен-жайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Толстой көшесі. 68-159, 140000, тел. 8-775-107-21-24, 130240014746 БСН.
Қосымша ақпаратты мына мекенжай Ақтау ықш. 4, 72 ғимарат (қалалық әкімдік ғимараты), 511 кабинет және +7 (7292)33-67 34, 8 775 560 00 29 телефондары бойынша алуға болады.