Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы «Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» № 17/211 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы «Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» № 17/211 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы «Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» № 17/211 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 13 сәуірде № 3570 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы»;

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 576-бабы 8-тармағына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

Сессия төрағасы

аты-жөні, тегі

 

 

Облыстық мәслихат хатшысы

аты-жөні, тегі

 

 

 

 

 

 

«КЕЛIСIЛДI»

«Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігі мемлекеттік кірістер

комитетінің Маңғыстау облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті»

республикалық мемлекеттік мекемесінің

басшысы

___________ С.Б. Манзоров

«__» «_______» 2022 жыл

 

 

«Қазақстан Республикасы экология, геология

және табиғи ресурстар министрлігінің

экологиялық реттеу және бақылау комитетінің

Маңғыстау облысы бойынша

экология департаменті» республикалық  

мемлекеттік мекемесінің

басшысы

___________ Р.К. Тукенов

«__» «_______» 2022 жыл

 

 

«Маңғыстау облысының

табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

___________ Д.Т. Құсбеков

«__» «_______» 2022 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маңғыстау облыстық мәслихатының

2022 жылғы «  » «_________»

№ ________ шешіміне

Қосымша

Маңғыстау облыстық мәслихатының

2018 жылғы «20» «наурыз»

№ 17/211 шешіміне

Қосымша

 

 

 

Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері

 

  1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері, (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1.

Күкірт оксидтері (SOx)

20

 

2.

Азот оксидтері (NOx)

20

 

3.

Шаң және күл

10

 

4.

Қорғасын және оның қосылыстары

3986

 

5.

Күкіртсутек

124

 

6.

Фенолдар

332

 

7.

Көмірсутектер

0,32

 

8.

Формальдегид

332

 

9.

Көміртегі монооксиді

0,32

 

10.

Метан

0,02

 

11.

Күйе

24

 

12.

Темір тотықтары

30

 

13.

Аммиак

24

 

14.

Алты валентті хром

798

 

15.

Мыс тотықтары

598

 

16.

Бенз(а)пирен

 

996,6

 

  1. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

 

Р/с
№

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Көмірсутектер

44,6

2.

Көміртегі тотықтары

14,6

3.

Метан

0,8

4.

Күкірт диоксиді

200

5.

Азот диоксиді

200

6.

Күйе

240

7.

Күкіртсутек

1 240

8.

Меркаптан

199 320

  1. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с №

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48

 

  1. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Нитриттар

1340

2.

Мырыш

2680

3.

Мыс

26804

4.

Оттегіне биологиялық қажеттілік

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық беткі-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

 

  1. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

р/с №

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері

(айлық есептік көрсеткіш)

1 тонна үшін

1 гигабеккерель үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:

 

 

1.1.

Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар

 

 

1.1.1.

қауіпті қалдықтар

8,01

 

1.1.2.

қауіпсіз қалдықтар

1,06

 

1.2.

Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері:

 

 

1.2.1.

Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы)

0,38

 

1.2.2.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):

 

 

1.2.2.1.

аршынды жыныстар

0,004

 

1.2.2.2.

жанасқан таужыныстары

0,026

 

1.2.2.3.

байыту қалдықтары

0,02

 

1.2.2.4.

шлактар, шламдар

0,038

 

1.2.3.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар

0,038

 

1.2.4.

Күл мен күлшлактар

0,66

 

1.2.5.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002

 

1.2.6.

Радиоактивті қалдықтар:

 

 

1.2.6.1.

трансуранды

 

0,76

1.2.6.2.

альфа-радиоактивті

 

0,38

1.2.6.3.

бета-радиоактивті

 

0,04

1.2.6.4.

шынақты радиоактивті көздер

 

0,38

 

  1. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК құрайды.

 

Дата публикации
02 августа 2022