«Ашық диалог» платформасында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтауды онлайн нысандағы сауалнама

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
2022 жылғы 3 ақпандағы № 6888 ПАБ-29 қарарына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) бірлесіп, онлайн форматта қоғамдық мониторинг рәсімін іске асыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылған.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында Агенттік Министрлікпен бірлесіп «электрондық үкімет» порталының «Ашық диалог» платформасында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтауды онлайн нысандағы сауалнама жүргізу арқылы ұйымдастырды (http://m.egov.kz/survey/).

Ұйымдастыру барысында бағалау нәтижелерін бөгде адамдармен «қолдан көбейту» қаупін болдырмау мақсатында «респондент – қызмет алушы» орамын қатаң ұстану басты мақсат болды.

Осы орайда, онлайн сауалнаманы өту электрондық цифрлық қолтаңба немесе «QR код» тәсілі бойынша тіркелу арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, қызмет алушыға онлайн нысанда бағалау процедуралары ыңғайлы болу үшін оған 2022 жылы алған қызметтерінің тізімі көрсетіледі және әр қызмет бойынша жеке-жеке бағалау мүмкіндіктері қарастырылған.

Дата публикации
18 мая 2022