Қазақстан Республикасы Президентінің «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес, конкурсы номинацияларының бірі қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен берілетін «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы болып табылады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін»номинациясын бағалау жанартылған критерийлерді, конкурсқа катысушылардың сауалнамасын және 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 130 Қазақстан Республикасы Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын 2022 жылы ұйымдастыру және оны өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бойынша +7 7172 74 08 49 телефоны арқылы Аманкелді Өміржанұлы Жәкеновке хабарласуыңызды сұраймыз.