«Ақтау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарлама

 

«Ақтау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарлама

 

«Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Ақтау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жобаның атауы: «Ақтау қаласын көгалдандыру».

Жобаны іске асыру саласы: табиғат пайдалану

Жобаның мақсаты:

- Ақтау қаласының бірыңғай жасыл қорын кеңейту;

- Ақтау қаласында көгалдандырылған аумақтарды дамыту;

- Жасыл желектердің өсуі үшін қолайлы жағдай жасау, қала аумағына қолайлы түр беру;

- Ағаштардың өсуіне қолайлы жағдайлар жасау, құрғақ бұтақтардың құлау санын азайту, ескі жастағы ағаштардың өмірін ұзарту, жаңа тәждер жасау;

- Жасыл желектерді, көгалдар мен гүлзарларды сумен қамтамасыз ету үшін суару жүйелері мен станциялардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында суару жүйесін ұстау және қызмет көрсету, сондай-ақ суару-жуу машиналары мен су тасығыштарға құю;

- Таза ауада тұрғындардың бос уақытын өткізу үшін жағдай жасау.

Жобаның құны: 6 932 020  мың.тг.

МЖӘ жобасын іске асыру орны: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

Жеке әріптестерді анықтау тәсілі: Конкурс («МЖӘ турал» ҚР Заңының 35-бабы).

Жобаны іске асырудың басталу мерзімі: 2022 жыл.

МЖӘ шартының жалпы мерзімі - 5 жыл 9 ай.

МЖӘ жобасының негізгі параметрлері мен талаптары:

Ақтау қаласын көгалдандыру жобасы жасыл желектерге күтім жасауды, сондай-ақ ағаштар, бұталар, гүлзарлар отырғызуды және кейіннен күтім жасауды көздейді.

Конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,            14 шағынаудан, 1 үй, 2 қабат, №247 - кабинет мекенжайы бойынша сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін және 14.00-18.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) алуға болады.

Конкурстық құжаттама осы конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап сұрау салу бойынша беріледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер мыналарды ұсынуы қажет:

- 2022 жылғы 8 сәуір сағат 16.00-ге дейін жобаның конкурстық құжаттамасына сәйкес конкурстық өтінімді;

- 2022 жылғы 18 сәуір сағат 16.00-ге дейін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар, оның негізінде «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.

Байланыстағы тұлғалар:

 «Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Табиғат қорғау жобалары» бөлімі

Жұмыс тел.: 8 (7292) 43-10-88

Электрондық пошта: moup@mangystau.gov.kz

           
           
           
           
           
           
           
           
           
обьявление
Дата публикации
18 марта 2022