Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области Объявляет

 

Хабарландыру!

         Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Манашы» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалының аумағын азайту бойынша жаратылыс-ғылыми негіздемесіне және «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 «Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулы жобасына мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде Бірыңғай экологиялық порталда (https://ecoportal.kz/) 2022 жылдың 6 қаңтарынан 3 ақпаны аралығына жария талқылау нысанындағы қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

         Ұсыныстар мен ескертулерді Бірыңғай экологиялық порталы арқылы немесе moup@mangystau.gov.kz  электронды поштасы арқылы жолдауыңызға болады. Байланыс нөмірі: 8(7292) 43-10-88.

 

Дата публикации
31 декабря 2021