«Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-сі «Ақтау қаласы 19 шағынаудандағы 1200 орындық жалпы білім беретін мектеп құрылысы» жұмыс жобасы бойынша жасақталған «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» бөлімі бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді.
Өткізу күні мен уақыты, мекен-жайы: 10.01.2022 ж. сағ 10:00-де Маңғыстау обл.,Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы №1 ғимарат, 208 бөлмеде өткізіледі. Карантиндік режим ұзартылған жағдайда қоғамдық тыңдау ZOOM арқылы (бейнебайланыс түрінде) өткізіледі. Қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет:
https://us05web.zoom.us/j/5589360278?pwd=NmNFQWM4SWxlaGFhdDZZL3licjlnQT09
Конференция идентификаторы: 558 936 0278 Коды: L8bqYL
Жергілікті атқарушы орган және қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға жауапты тұлға: «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-сі. Жобаларды экологиялық сараптау бөлімінің бас маманы Түлембет Гүлденай,тел: 8 (7292) 43-10-88.
Ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын электрондық поштаның мекенжайы:
moup@mangystau.gov.kz
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік орган: «Мемсараптама» РМК.
Тапсырыс беруші: «Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
Ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын интернет-ресурсының / электрондық поштасының мекенжайы: e.utebaliev@mangystau.gov.kz Утебалиев Е.Е. тел: 8/7292/43-20-25.
Құжаттаманы әзірлеуші: «Мұнайгазпроект-Сервис» ЖШС.
Материалдармен https://ecoportal.kz/ порталында танысуға болады.
Хаттама 12.01.2022 ж. жарияланды