Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 20 наурызындағы № 17/211 «Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3570 болып тіркелген;
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 19/237 «Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3634 болып тіркелген).
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |